Жаңалықтар

«Тоқал» туралы жарнама жасаған Grand Park ойын-сауық орталығының әкімшілігі жазаға тартылады

токал
«Тоқал» туралы жарнама үшін Grand Park жазаланады / Коллаж: kursiv.media (t.me/danapartner и facebook.com/nazym.zhangazinova), бильд-редактор: Денис Андреев

«Тоқал» туралы жарнама жасаған Алматыдағы Grand Park ойын-сауық орталығының әкімшілігі жазаға тартылатын болды. Оларға 100 АЕК-ке (369 200 теңге) дейін айыппұл салынады.

«Тоқал» құбылысын насихаттайтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарға қайшы келетін жарнаманы жасауға болмайды. Оның жолын ерте кесу керек», — деп жазды әйел істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі Назым Жанғазинова.

Әлеуметтік желілердегі наразылықтан кейін орталық басшылығы «чемодан сатып алуға шақырған» баннер жарнамаларын алып тастады. Бұл талапты әйел істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жарнама мәртебесін туралы сұрауынан кейін әкімдік қойған.

«Жарнаманы алып тастады. Grand Park ойын-сауық орталығының әкімшілігі ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді Жанғазинова.

Сонымен қатар жасанды интеллект жасайтын жарнама және авторлық құқық мәселесіне қалай әсер ететініне тоқталсақ. Жарнама материалдарына әлдекімнің бейнесін не дауысын қолданатын кезде міндетті түрде ол адамның келісімі керек. Әйтпесе, басыңыз дауға қалып, соттың алдына түсуіңіз әбден мүмкін. Мұны көпшілік жақсы білетін болса керек. Бірақ жаңа технологиялар дамып, жасанды интеллект қарқын алған сайын оның көмегімен жасалған дүниелерді заң тұрғысынан қалай қарастыру керек деген мәселенің шеті шығады.