Halyk Bank-тің таза табысы 2024 жылдың бірінші тоқсанында 7,5%-ға кеміді
Halyk Bank-тің таза табысы 2024 жылдың бірінші тоқсанында 7,5%-ға, 178 млрд теңгеге дейін азайды. 2023 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 192,5 млрд теңгені құраған. Банктің қаржылық есебінде бұл жайт қаржы ұйымының несие және төлем бизнесінің өскеніне қарамастан орын алғаны жазылған.
Банк сәуір айында мемлекеттік көмекті қайтарудан болған шығынды бөлек атап көрсетеді. Есеп беру кезінде осылай болатыны болжанған еді. Шығын көлемі 66,1 млрд теңгені құрады (салық шегерілгенге дейін). Сәуір айында Халық банкі Қазкоммерцбанктің 2015 жылы алған 250 миллиард теңге мемлекет көмегін толығымен қайтарды. Бұған дейін, 2023 жылдың маусым және желтоқсан айларында Халық екі траншпен Казкоммерцбанктің мемлекетке 68,4 миллиард теңге қарызын қайтарған. Қазір ол 181,6 млрд теңге көлеміндегі қалған қарызын өтеп үлгерді.
2024 жылдың бірінші тоқсанында банктің шығыстары 399,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (304,7 млрд теңге) төрттен біріне дерлік (23,7%) артық. Пайыздық кіріс 32,3%-ға өсіп, 254,2 млрд теңгені құрады. Өткен жылы пайыздық кіріс 192 млрд теңге болды.
Операциялық шығыстар жалақы мен сыйлықақыларды индексациялау есебінен 21,8%-ға өсті. Жеке тұлғалардың транзакциялар бойынша таза кірісінің, сондай-ақ кепілдіктер мен аккредитивтерді бергені үшін комиссиялардың ұлғаюы есебінен қызметтер мен комиссиялық төлемдерден таза кіріс 2,3%-ға өсті.
Банктің меншіктік капиталы 2024 жылдың 1 тоқсанында алынған таза пайда нәтижесінде 2023 жылдың аяғымен салыстырғанда 7,6%-ға өсті.
Halyk Bank бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін «Халық банк Қырғызстанның» 100% акцияcын Visor International DMCC инвестициялық тобына толық сатты. Visor компаниясының негізгі акционері – қазақстандық кәсіпкер Айдан Кәрібжанов. Ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің ішінде 19-орында. Қырғыз қор биржасы бұған дейін Алмас Чукиннің Қырғызстан Халық банкінің директорлар кеңесін басқарғанын хабарлаған. Сәуір айының соңында Halyk Bank бір жай акцияға шаққанда 25,43 теңге көлеміндегі пайдасының 40 пайызын дивидендтер төлеуге жұмсайтынын хабарлады. Жалпы сома 277,3 млрд теңгені құрайды.