Қайталама санкция қаупі төмен: Fitch Ratings Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтиңін растады
Fitch Ratings халықаралық рейтиң агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтиңін «BBB» деңгейінде екенін растады. Болжам – «Тұрақты».
Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтиңін қолдайтын іргелі факторлар аз емес. Олардың қатарында елеулі сыртқы актив, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық позиция бар. Мемлекеттік борыштың да шекті деңгейден аспауы да ел рейтиңіне оң әсер етеді.
Fitch Ratings сарапшылары Қазақстаның валюталық резертері одан әрі нығая түседі деп болжайды. Сонымен қатар ипорттың өсуі, мұнай өндіру мен экспортттың артуы арқасында ағымдағы шот тапшылығы да қысқаруы ықтимал.
Рейтиң агенттігінің пікірінше, бюджет шығынының өсуін және Ұлттық қордан қаржы алуды шектейтін жаңа салық саясаты салық-бюджет саясатын нығайтуы тиіс. Сонымен қатар агенттік сарапшылары Қазақстанға қайталама санкция салу қаупі төмен екенін және оның ел экономикасына тигізер ықпалы аз екенін атап өткен.
Агентттік 2023 жылдың қараша айындағы болжамында да елдің тәуелсіз кредиттік рейтиңін «BBB» деңгейінде екенін растаған болатын. Агенттік инвестициялардың артуына байланысты ЖІӨ өсімін 2024 жылы 5,1% және 2025 жылы 5,4% деңгейінде болжаған.
Standard&Poor’s агенттігі де Қазақстанның кредит рейтиңін «BBB–» деңгейінде «тұрақты» деп бағалаған.
Агенттік бұл шешімін, ең алдымен, ықтимал сыртқы шоктарды бейтараптандыратын елеулі сыртқы резервтердің көлемі мен айтарлықтай бюджеттік тұрақтылықтың болуымен түсіндірген. Агенттік сарапшылары мемлекеттік басқарудағы жоспарланған реформалар мен экономикалық реформалар егеменді рейтингтің болжамына оң әсер ететінін атап өткен.
Десе де, S&P қуат көзі мен азық-түлік бағасы арзандағанына қарамастан, инфляциялық қысым сақталып отырғанын айтады.