Қай банк 50 млрд теңгеден астам үмітсіз борышты есептен шығарды?

Жарияланды (жаңартылды )
"Қаржы" бөлімінің редакторы
Business News бөлімінің редакторы
Бантердің І тоқсандағы көрсеткіштері белгілі болды. Фото: shutterstock.com

Банктердің наурыз айындағы есебінде І тоқсандағы көш басшылар мен аутсайдерлер анықталды. Бұл кезеңнің негізгі тенденциялары: жеке тұлғалар депозиттер ағынының болмауы, заңды тұлғаларға берілетін несие портфелінің тоқырауы және екі ірі ойыншы кірісінің өсу қарқыны баяулауы.

Бизнестен келген өтімділік

Наурызда заңды тұлғалардың қаражаты өсім көрсеткен. Олар бір айда (Ұлттық банк деректері, Курсив есебі) жалпы 3,04%-ға немесе 457 млрд теңгеге өсті. Наурызда теңгенің долларға шаққандағы бағамының 0,85%-ға нығаюы нәтижесінде айырбас бағамының теріс қайта бағалануы салдарынан бизнес клиенттердің ағымдағы және жинақ шоттары бойынша қалдықтардың нақты өсімі сәл жоғары болды. Бұл ретте резидент заңды тұлғалардың депозиттері наурызда 1,5% ғана өсті. Бұдан шығатын қорытынды, наурыз айындағы өсімнің басым бөлігін Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген (санкцияға ұшыраған Ресейде) кәсіпкерлерден келген қаржы ағыны қамтамасыз еткен.

Екінші деңгейлі банктер арасында Halyk Bank наурыз айында ең жақсы динамика көрсетті (айына +211 млрд теңге). Оның соңын ала Kaspi (+105 миллиард) мен корейлік Шинхан банк (+90 миллиард) келеді. Алтын банк (+54 миллиард) пен БЦК (+52 миллиард) және Citybank те (+51 миллиард) айтарлықтай өсті. Есесіне он банктегі (21 белсенді ойыншының) заңды тұлғаларының қаражаты төмендегені байқалады. Еуразиялық банк(-38 миллиард), Freedom (-32 миллиард) және Jusan (-31 миллиард) банк те заңды тұлғалардың қаржысы азайғанын хабарлаған.

Жыл басынан бері банк секторындағы заңды тұлғалардың қаражаты 5,5%-ға немесе 802 млрд теңгеге өсті. Рейтиң көш басында – Шинхан банк (+322 миллиард). Оның көрсеткіші Ресейден келетін компаниялардың (мысалы, кореялық автокөлік дистрибьюторлары) қаржы ағыны есебінен көтерілді. Одан кейін Halyk (+222 миллиард), Forte (+151 миллиард) және Kaspi (+122 млрд) келеді. «Алтын» (+65 млрд), БЦК (+57 млрд), сондай-ақ квазимемлекеттік Bereke (+58 млрд) мен «Отбасы» (+52 млрд) 50 млрд теңгеден астам өсім алған.

Рейтиң аутсайдерлері: Қытай банкі (тоқсанына -122 млрд теңге), City (-65 млрд), Қытайдың СӨБ-і (-32 млрд) және ресейлік ВТБ (-21 млрд) банкі. Отандық банктердің арасында Bank RBK (-20 млрд), Еуразиялық (-14 млрд) және Jusan (-4 млрд) банкте заңды тұлғалардың депозиттері азайған.

Сақтайтын ештеңе жоқ

Жүйедегі жекенің қаражаты наурыз айында ауыз толтырып айтарлықтай өскен жоқ: 0,63%-ға немесе 127 млрд теңге. Жалпы қаржы ағынының жартысына жуығы Kaspi клиенттеріне тиесілі(айына +61 млрд). Ал төрттен бір бөлігін Еуразиялық банктің жеке тұлға клиенттері (+30 млрд) қамтамасыз етті. БЦК (+21 млрд), Халық (+18 млрд) және «Берекенің» (+14 млрд) қоржыны 10 млрд теңгеге өсті. Наурызда айтарлықтай қаржы ағыны болмаған. Халықтың Нұрбанк (-3,8 млрд), ВТБ (-3,1 млрд), Алтын (-2,5 млрд) және түріктің KZI (-2,4 млрд) банкіндегі қаржысы азайған.

Наурыз және ақпан айларының түсімдері қаңтарда алынған ақшаны өтеуге жетпеді. Тоқсан қорытындысында банктердегі халықтың қаражаты 0,6%-ға немесе 121 млрд теңгеге қысқарды. Абсолютті мәндегі ең нашар динамика Kaspi (жыл басынан бері -107 млрд) көрсетіп отыр. Жеке тұлғалар сонымен қатар Bank RBK (–35 млрд), Forte (–24 млрд), Freedom (–17 млрд), Алтын банк (–9,6 млрд) және Нұрбанктен (–7,4 млрд) ақша алды.

Бұл ретте сегіз банк аз болса да қаржы қоржынын өсіре алды. Бұл сегіздікке Bereke bank (тоқсанға +23 млрд теңге), Еуразиялық банк (+19 млрд), Хоум Кредит (+19 млрд), Халық (+17 млрд), ВТБ (+10 млрд) кірді.

Наурызда сектордың жиынтық активі 1,8%-ға (+961 млрд теңге), ал жыл басынан бері – 2,9%-ға (+1,5 трлн теңге) өcті. Наурызда активтер өсімі тұрғысынан Halyk (айына +312 млрд теңге), BCC (+240 млрд), Forte (+165 млрд), Kaspi (+139 млрд) және Шинхан банк (+100 млрд) көш бастады. Керісінше, жеті банк теріс динамика көрсеткен, Оның ішінде Қытай банкі (-59 млрд), Қытайдың TPB (-51 млрд) және Al Hilal (-47 млрд), бар.

Тоқсан қорытындысы бойынша Halyk активтері жақсы өскен (жыл басынан бері +461 млрд теңге). Одан кейін Шинхан (+344 млрд), BCC (+289 млрд), Forte (+274 млрд) ) және Jusan bank (+196 млрд) келеді.

Наурызда сектордың жиынтық несие портфелі (кері РЕПО-ны қоспағанда) 0,85%-ға немесе 254 млрд теңгеге өсті. ҚНРДА мәліметі бойынша, бір айда бөлшек несие портфелі 1,7%-ға (17,5 трлн теңгеге дейін), оның ішінде тұтынушылық несие – 2,1%-ға (10,9 трлн-ға дейін) өсті. Бірақ кәсіпкерлерге берілген несиелер, керісінше, 0,3%-ға (11,1 трлн. теңгеге дейін) қысқарған.

Жеке тұлғаларға берілген несие көлемі бойынша, Kaspi (айына +83 млрд теңге), БЦК (+66 млрд) және Bank RBK (+60 млрд) өсім көрсетті. Сондай-ақ Halyk (+39 миллиард), Алтын (+23 миллиард), Хоум Кредит (+16 миллиард) және Береке (+15 миллиард) біраз өсім байқатқан.

21 банктің ішінде Jusan bank-тің несие портфелі қатты қысқарған. І тоқсанда оның провизиясы 54 млрд теңгеге азайған, Бұған дейін ҚНРДА наурыз айында банктердің корпоративтік порфельдің қысқаруы проблемалық несиелерді есептен шығарумен түсіндірген. Сол кезде реттеуші Jusan bank туралы айтқан сыңайлы.

Сондай-ақ оқыңыз