Бір грантқа екі талапкерден таласып тұр: оқуға түсудің жолдары
700 ден астам мұғалімнің білімін шыңдап және 5000 астам баланың мамандық таңдауына септігін тигізген профориентологтар қауымдастығының басқарма төрайымы Жадыра Тойбай университетке грантқа түсудің бірнеше жолы бар екенін айтады. Маман ұлттық біріңғай тестілеудің төрт кезеңінен өтпей қалған жағдайда, бесінші кезеңге тапсыруға мүмкіндік барын атап өтті.
Биыл грантқа түсу үшін бір мамандыққа екі талапкерден таласып тұр
Аз уақыттан кейін оқу жылы аяқталады. 180 мыңнан аса оқушы мектеп бітіреді. Олардың алдарында қазір екі ұлттық біріңғай тестілеу(ҰБТ) байқауы тұр. Тесті тапсырып болғаннан кейін, сол түлектердің көбі сол межелі баллды алғандардың бәрі жоғарғы оқу орындарына құжат тапсыра бастайды.
«Мамандық таңдау – деген үлкен процесс. Мамандық таңдаудан еш қателеспеуіміз керек. Мамандық – өміріміздің үштен бір бөлігін алады. Бір тәулікте 24 сағатың болатын болса, соның күнделікті сегіз сағатын сол жұмыс алатын болады. Ол мамандық адамның ең белсенді, күндізгі уақытын алады. Болашақта өкініп қалмас үшін және сол жұмысқа барып табыс табатын болғандықтан, сүйікті ісіңе айналғаны абзалырақ,», –дейді маман.
Мамандық таңдаған кезде баланың қалауына назар аудару керек. Себебі мамандық таңдауға кедергі келтіретін түрлі факторлар бар. Бірі ата-ананың айтуымен , екіншісі достарының кеңесімен таңдауы мүмкін. Кейбірі грант саны көбірек мамандықты қалайды. Ең маңыздысы, ешкімге құлақ аспай өз жүрегіне жақын келетін қалаулы мамандықты таңдауы керек. Ал оқуын оқып алып, жұмыс таба алмау, өмірлік өкінішке айналуы мүмкін.
«Ата-ана баланың қалауына мән беруі керек. Мысалы, бала математикаға немесе логикаға , тіптен өнерге, спортқа жақын шығар. Оны да қатты ескеру керек. Баланың пікірімен санасу керек. Ата-ананың басты міндеті – баласына бағыт беру. Балаға мынаны таңда деп бұйырмау керек. Түлектерге көбірек ақпарат беру қажет. Мамандықтар туралы көбірек ақпарат білген сайын, бала да қателеспей дұрыс таңдау жасай бастайды», – дейді маман.
Мамандықты таңдау үшін адамда бірнеше нұсқа болуы керек. Егер ата-ана баланы профориентолог мамандарына апарса, олардың жүгі біраз жеңілдейді.
Жоғарғы оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді бір жылда тесті төрт мәрте тапсыруға болады. Екі рет ақылы, екі рет грант конкурсына қатысуға мүмкіндік береді.
Баланы ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындаймыз?
Яғни бала тестте берілетін пәндер бойынша дайындалады. Дайындықты бала неге ҰБТ тапсыруы керек деген сұрақтан бастау керек. Оқушы ол сынаққа не үшін баратынын толыққанды түсінуі қажет. Ұлттық біріңғай тестілеуді бәрі сынақ ретінде көреді. Ол тек университетке жолдама беретін қадам деп қана қарастыру керек. Оның нәтижесінсіз бірде-бір жоғарғы оқу орны қабылдамайды.
«Ал ҰБТ қорқынышты нәрсе емес. Қайта университетке түсуге мүмкіндік беретін сынақтардың бірі деп, баланы соған деген қарым-қатынасын арттырып, көзқарасын өзгерту керек. Тестілеуге дайындықты алдымен психологиялық тұрғыда бастаған жөн. Тайм-менеджментті күшейту керек. Байқау жақындап келе жатқан қай кезеңде дайындықты күшейту керектігін анықтау қажет. Қай кезде демалу керектігін де жүйелеген дұрыс», – дейді маман.
Балалардың арасында интраверт, экстраверттер бар. Әсіресе, бір орында тұрақты отыра алмайтындар бар. Үнемі қозғалыста жүретін талапкерлерге оффлайн дайындыққа қатысу керек.
Ал бір жұмысты тұрақты істеп, компьютердің алдында ұзақ отыра алатын бала болса, олар онлайн курстарға қатысса болады. Сондықтандайындықты баланы темпераментіне қарай бастау керек.
Оқуға түсудің көптеген жолы бар
Әрбір жолды талапкерлер білсе, ұлттық тестілеуден жоғарғы баға алып кетуі мүмкін. Әсіресе, сынаққа қатысып ең төменгі балл алып қалатын балалар бар. Көптеген ата –ана жүз балдан жоғары жинамағанда, «баламыз төмен балл алып қалды» деп мойып жатады. Бұл балл мамандықпен де қатысты. Мәселен, 50-60 балмен де оқуға түсетін мамандықтар бар. Кей жағдайда аз балмен де грант ұтып алады. Кейбір мамандықтарға 80-100 балмен оқуға түсу мүмкіндіктері мол.
Қазақстанда оқуға түсудің шекті балы – 50 балл. Одан төмен жинағандар жоғарғы оқу орындарына түсе алмай қалады. Мәселен, математикадан кем дегенде 3 балл, оқу сауаттылығынан кем дегенде 5 балл жинау керек деген кезде көптеген талапкер осы межелі балдан өте алмай қалып жатады. Ондай кезде мемлекет тағы бір мүмкіндік береді.
«Ал төрт ҰБТ-дан да аз балл жинап өте алмай қалып жатса, бесінші ұлттық бірыңғай тестілеуге тағы кіруге болады. Яғни тамыз айында бесінші тестіні тапсырып, сол арқылы ақылы оқуға түсуге болады. Ал егер ол тестен де өтпесе, көптеген жоғарғы оқу орнында шартты оқуға қабылдау деген бар. Сол арқылы оқи береді де, келесі жылында қаңтар айында өздері тағы бір мәрте ҰБТ тапсыртады», – дейді маман.
Соның балымен ары қарай оқуыңды жалғастыра бересің. Егер осының барлығы болмай қалса, соңында колледжге құжаттарыңды тапсырып, оқи беруіңе әбден болады. Біздің елде кез-келген қыз-жігіттің қалаған уақытта білім алуына көп жағдай жасалған.
Жеке мекемелерден грант ұту жолдары
Шындығына келсек, біздің елде армандаған оқуыңа түспей қалатындай қиыншылықтар жоқ. Биылғы жылдың өзінде 90 мыңға жуық грант бөлінді. Ал мектеп бітіретін түлектердің саны 180 мыңнан жоғары. Егер 180 мыңды 90 мыңға бөлсек, бір орынға екі ғана баладан таласып тұр. Сонда екінің бірі грантта оқи алады деген сөз.
Қалғандары ақылы оқи алады. Демек сенің бәсекелесің тек бір ғана адам. Бұл мүмкіндік көптеген елде де жоқ. Басты мәселе мамандықтарға бөлінетін гранттарға байланысты болып тұр. Біріне аз, біріне мүлдем бөлінбейді.
Талапкердің көздегені грант болып, оған түсе алмай қалып жатса, конкурстар біткен соң, гранттың басқа да түрлерін жеңіп алуға мүмкіндік бар. Мысалы, әкімдіктің гранты бар, Қазақстан халқының қолдау қорының , түрік квотасы деген гранттар бар. Ол мемлекет өткізген сынақтан кейін, 2 аптадан кейін, сол жеке мекемелер өткізетін тестерге қатысып, тағы жеке гранттар ұтып алуға мүмкіндік бар.