Маск Индонезияда денсаулық саласын дамытуға бағытталған Starlink инернет-қызметін іске қосты

Жарияланды (жаңартылды )
Маск Индонезияда Starlink қызметін іске қосты / kursiv.media

SpaceX және Tesla компанияларының миллиардер басшысы Илон Маск пен Индонезияның денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин кең архипелагтың шалғай бөліктерінде  SpaceX спутниктік интернет қызметін іске қосты.

Маск провинция астанасы Денпасардағы денсаулық сақтау орталығында өткен шараға қатысты.

Бұл жоба елдің шалғай аймақтарындағы миллиондаған адамдардың интернет  игілігін көруіне көмектесетінін айтты. Елде 270 миллионнан астам адам тұрады және үш түрлі уақыт белдеуі бар.

«Мен байланысы төмен жерлерге қосылу мүмкіндігіне қатты қуандым», – деді Маск.

Жексенбіде Starlink Индонезияның үш медициналық орталығында, оның ішінде екеуі Балиде және біреуі Малукудағы Ару аралында іске қосылды. Жоғары жиіліктегі интернет адамдардың бойының өсуі мен тамақтың аз ішуіне байланысты денсаулық мәселесін орнықты шешу үшін деректерді жүйеге уақтылы енгізуге мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ Индонезияның электромобиль өнеркәсібіне инвестиция салуды жоспарлайсыз ба деген сұраққа Маск оның басты назары Starlink-ке бағытталғанын айтты.

Reuters ақпараты бойынша Индонезия үкіметі көптеген жыл бойы Масктың Tesla автомобиль фирмасын электромобиль зауыттарын салуға көндіруге тырысып келеді. Өйткені Индонезия елдің бай никель ресурстарын пайдалану арқылы өзінің электромобиль секторын дамытуға мүдделі.

Америкалық SpaceX компаниясының Starlink жаһандық спутниктік желісін 2019 жылы орбитаға шығарды. Starlink желісі 5G стандартына сәйкес келетін, секундына 1 гигабит трафик жылдамдығымен ғаламшардың кез келген нүктесінен интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған. Қазақстандағы 2 мыңға жуық ауылдық мектеп Илон Масктың интернетіне қосылатыны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз