Жаңалықтар

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекараға жақын жерде апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды / tasnimnews.com

Иранның Tasnim басылымы президент Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиан мінген тікұшақтың Шығыс Әзербайжан аймағында апатқа ұшырағанын, бірақ борттағылардың аман қалғанын хабарлады.

Жалпы үш тікұшақ бірге ұшқан. Оның ішінде шенеуніктер мен министрлер мінген екі әуе көлігі діттеген жеріне аман-есен жеткен.

Шетелдік басылымдар тұманның президент тікұшағының қонуына кедергі болғанын хабарлады. Ибрахим Раиси сапарын құрлықта жалғастырған. Кейін делегация мүшелерінің бірі байланысқа шыққан.

Құтқарушылар тобы апат орнына (немесе қатты қону) жетуге тырысуда.

Әзірге Иран билігінің ресми мәлімдемесі жоқ. Бортта Раисимен бірге Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиан, Аятолла аль-Хашем, имам Джума-Тебриза да болған.

Ибрахим Раисидің Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен бірге Арас өзені бойындағы плотнинаның ашылуына қатысуы жоспарланған.