Миллиардер инвестор капитализациясы шағын компания акцияларын сатып алды
Business Insider-дің мәліметі бойынша, миллиардер Стэнли Дракенмиллер күтпеген жерден шағын компаниялардың акцияларын сатып алды. Тура сол кезде ең ірі процессор мен видеокарта өндіруші – NVIDIA компаниясындағы үлесін айтарлықтай азайтқан.
Толығырақ
Дракенмиллерлік Duquesne Family Office АҚШ-тың шағын компанияларын бақылайтын кол-опциондарды Russell 2000 индексінде 664 млн долларға сатып алды. Бұл мәміленің жасалғаны Duquesne 15 мамырда АҚШ-тың Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясына (SEC) 2024 жылдың I тоқсанының есебін бергенде белгілі болды.
Енді Russell 2000-дағы кол-опциондар – Duquesne үшін ең үлкен позиция (TheStreet.com мәліметіне сәйкес, портфелдің 15,1%-ы). Одан кейін Microsoft корпорациясына 468 млн доллар, Оңтүстік Кореяның Сoupang онлайн-ретейлеріне де шамамен 400 млн доллар инвестиция салынады деп атап өтті Business Insider. Жақында Дракенмиллер үлесін қысқартқан Nvidia-даның портфельдегі үлесі – тек жетінші орын (3,6% немесе 159 млн доллар).
Дракенмиллердің мұнысы нені білдіреді?
Кол-опцион деген – белгіленген күні бағалы қағазды белгіленген бағамен сатып алуға арналған опцион. «Дракенмиллер мәмілесі оның Russell 2000 индексіне үмітпен қарайтынын білдіреді» деп жазады TheStreet.com.
«Қаңтар айының басынан бастап капитализациясы шағын Russell 2000 компаниялары индексі 4,1% қосты. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, АҚШ-тың ең қымбат S&P500 мемлекеттік компанияларының индексі сол кезеңде 11,8%-ға өсті. Шағын компаниялардың акциялары 10 жылдан астам уақыт бойы ірі компаниялар акцияларының өсу қарқынынан төмен болды. Бірақ кей инвесторлар бұл жағдай өзгеруі мүмкін деп санайды» деп жазады басылым. 15 мамыр, сәрсенбіде 1400-ден астам акция жаңа 12 айлық ең жоғарғы деңгейге жетті – нәтиже көбіне шағын компаниялар қағазы құнының өсуіне байланысты болды деп атап өтті TheStreet Pro.
«Көптеген капитализациясы шағын компания сарапшылардың назарына ілікпейді. Оларды инвестиция үшін тартымды ететін факторлардың бірі осы» деп жазады TheStreet.com. William Blair Small-Cap Growth Fund басқарушысы Уорд Секстонның «Біз зерттелмеген, сапалы өсімі бар компанияларды іздейміз», – деген сөзін келтіреді басылым.
Дракенмиллер несімен танымал?
Джордж Соростың Quantum Fund қорын басқарған инвестор 1992 жылы қордың британиялық фунтқа қарсы әйгілі келісімінен кейін танымал болды. TheStreet.com. мәліметіне сүйенсек, қор Англия банкінен айласын асырып, 1 миллиард доллар табыс тапқан.
Драккенмиллер Сороста 2000 жылға дейін жұмыс істеген, содан кейін өзінің хедж-қоры Duquesne Capital-ды басқарды. Бұл қоры 2011 жылдан бастап Duquesne Family Office деп аталады. Forbes оның байлығын 6,2 миллиард долларға бағалайды.
Драккенмиллер тағы қандай мәмілелер жасады?
TheStreet.com-ның мәлімдеуінше, 2024 жылдың I тоқсанында Duquesne портфелін зерттеген басылым төмендегідей өзгерістерді атап өтті.
Duquesne Nvidia-дағы үлесін 5,5 пайыздық пунктке азайтқан. Қазір компания қағаздары портфельдің 3,6%-ын құрайды. Ол сондай-ақ NVIDIA кол-опционында 7,2%-ын сатқан. Драккенмиллер Nvidia-ны алғаш рет 2022 жылдың IV тоқсанында шамамен орташа бағамы бір акция үшін 184 долларға сатып алған деп Whale Wisdom деректеріне Business Insider сілтеме жасайды. Содан бері Nvidia акцияларының құны 391%-ға өсті.
Инвестор Eli Lilly фармацевтикалық компаниясындағы үлесін 5,9 пайыздық пунктке, портфеліндегі 1,1%-ға дейін қысқартты. Бір жыл ішінде оның қағаздары, Mounjaro (қант диабетіне қарсы) және Zenbound (арықтауға арналған) препараттарының арқасында, 77,42%-ға қымбаттады.
Драккенмиллер Microsoft корпорациясындағы үлесін 1,5 пайыздық пунктке, портфелінің 10,7%-на дейін азайтты. Бір жыл ішінде оның қағаздары 30,83%-ға өсті. Сондай-ақ Freeport McMoRan тау-кен компаниясындағы үлесін өсірді. Оның акцияларының құны бір жыл ішінде 54,27%-ға өсті.