NVIDIA есебі және ФРЖ отырысының хаттамасы: осы аптада инвесторға не күту керек
«Осы аптадағы нарықтардың негізгі катализаторы Nvidia қаржылық есебі болады» деп жазады Yahoo Finance. Өнімділігі жоғары графикалық процесорлардың ең ірі өндірушісі сауда жабылғаннан кейін сәрсенбіде өткен тоқсанның есебін береді. Bloomberg жинақтаған консенсустық болжамға сәйкес, сарапшылар Nvidia акцияға шаққандағы кірісті (EPS) жылдық мәнде 400%-дан, ал кірісті 240%-ға арттыра алады деп күтеді.
NVIDIA акциялары 2023 жылдың мамырында компания күткеннен де жоғары есеп жариялағаннан бері соңғы 12 айда шамамен 200%-ға өсті. Сондай-ақ жасанды интеллект чиптеріне сұраныстың артуына жауап ретінде өндірісті арттыратынын айтты. Nvidia жетістіктерінің басқа ЖИ жобаларға және жалпы нарыққа тигізер әсерін ескере отырып, инвесторлардың назары компания қайтадан үлкен үмітті ақтай алатын-алмайтынында болады деп атап өтті Yahoo Finance.
«Егер Nvidia керемет те адам қызығарлық осы күткеннен жоғары нәтиже мен болжамды жақсару легін ұстап тұра алса, сосын келесі тоқсанда сол жақсарған болжамдарды жеңе алса, онда ЖИ сатылымы қарқындап жатыр әрі қарқындай береді деген сөз. Бірақ сәл әлсіздік танытып қоятын болса, зардап шегетін оның бір ғана акциялары емес» деп жазды бейсенбіде Interactive Brokers бас стратегі Стив Сосник.
Walmart-тың берген есебі мықты болғандықтан, енді инвесторлар сатып алушылардың көңіл-күйі туралы көбірек ақпарат алу мақсатында Target, Macy’s және басқа ретейлердің тоқсандық нәтижелерін бақылайды.
Макроэкономика тұрғысынан алғанда, бұл апта сәл-пәл жеңілдеу болуға тиіс. Сәрсенбіде, 22 мамырда, ФРЖ-ның мамыр айындағы отырысының хаттамасы жарияланбақ. Ол жерде реттеуші мөлшерлемені қатарынан алтыншы рет сол деңгейде сақтап қалған. Осы аптада өндірістік сектор мен қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік туралы жаңартылған деректер, сондай-ақ мамыр айындағы тұтынушылардың көңіл-күйі туралы ақпарат шығады.
Апта жаңалықтары
Дүйсенбі, 20 мамырда Zoom, Palo Alto Networks және Trip.com өткен тоқсанның қаржылық есебін береді. АҚШ ФРЖ басшысы Джером Пауэллдің Джорджтаун университетінің Заң орталығының түлектеріне арналған үндеуін де күтіп отыр. Ол алдын ала жазылған видео ретінде шығады. Өйткені Пауэлл өткен аптада коронавирус жұқтырып, қашықтан жұмыс істеуге көшкен.
Сейсенбі, 21 мамырда Macy ‘ s, Urban Outfitters, XPeng, AutoZone, Toll Brothers тоқсандық есебін жария етеді.
22 мамыр, сәрсенбіде Nvidia, Target, Snowflake, Petco, TJX, e.l.f. Beauty, Williams-Sonoma өткен тоқсанның есебін береді. Түстен кейін Федералдық ашық нарықтағы операциялар комитетінің (FOMC) мамыр айындағы отырысының хаттамасы шығады. Сондай-ақ ипотекалық өтінімдерге деген апта сайынғы МВА шолуы (17 мамырдағы жағдай бойынша) мен сәуір айындағы екінші тұрғын үй нарығындағы сатылым туралы мәлімет жарияланады.
Бейсенбі, 22 мамырда Ralph Lauren, BJ ‘ s, Deckers Brands, Intuit, Polestar, Ross Stores, TD Bank және Workday өткен тоқсанның есебін береді. Сол күні Чикаго ФРБ-ның ұлттық белсенділік индексі, өткен аптадағы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы сұраған алғашқы өтінімдер туралы мәлімет, өндірістік сектор мен қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділікті алдын-ала бағалау және мамыр айында S&P Global-дан іскерлік белсенділіктің композиттік индексі (PMI) шығады.
23 мамыр, жұма күні Warner Bros. Discovery және Lamar есеп береді. Мичиган университеті сәуір мен мамырдағы тұтынушылық көңіл-күй индексін, ұзақ мерзімді тауарларға тапсырыс берудің алдын ала статистикасын жариялайды.