Астанада Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өзінің қытайлық әріптесі Ван И-мен кездесіп, екі ел арасындағы бірқатар мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді. Бұл туралы ведомство таратқан мәліметте айтылған.
«Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу туралы жоспарын қолдаймыз. Сонымен қатар Қытайдың озық техникалық университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашуға да мүдделіміз»,– деді Нұртілеу.
Кездесу барысында, екі ел арасындағы саяси және экономикалық ықпалдастықпен қатар, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері сөз болды.
«Екі ел халықтарының бір-бірінің мәдениеті мен тарихына деген қызығушылығын айқын көріп отырмыз. Бұл тұрғыда, Қазақстан мен Қытайдың мәдени орталықтарын ашу бойынша жұмысты қарқынды жүргізуге келістік», – деді министр.
Оның пікірінше, өзара визасыз режим және Қытайдағы Қазақстан туризмінің өткен жылы туристік ағындардың өсуіне қуатты ынталандыру болады.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша, екіжақты тауар айналымы 30%-ға өсіп, рекордтық көрсеткіш 41 млрд долларға жетті. Бейжің Қазақстанның үздік 5 инвесторының қатарында. Бүгінгі таңда біз мұнай-газ, металлургия, химия, агроөнеркәсіп және өзге де салаларда 7 млрд доллардан астам сомаға ондаған ірі өңірлік жобаларды ұйымдастырдық. Қазіргі уақытта бірқатар секторларда 50 жуық бірлескен инвестициялық жобаны жоспарлы іске асыру жүргізілуде»,– деп толықтырды министр.
Ел аумағында Қытайдың техникалық университетін ашу мәселесі кеше ғана қабылданған шешім емес. Ол жайында алғаш рет мемлекет басшысы 2023 жылы мамырда Қытай төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізу барысында сөз болған.
«Елдеріміздің білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығы артып келеді. ҚХР-да техникалық білім сапасы жоғары екенін ескере отырып, Қазақстанда Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі екенімізді тағы да атап өткім келеді»,– деген болатын сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, осы күндері ел аумағында Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті мен іргетасы 2007 жылы қаланған Халықаралық Қазақ-Қытай Тіл колледжі жұмыс істейді.
China Global Investment Tracker, ҚХР-ның әлемнің түрлі елдеріне салған ірі инвестициялары туралы мәліметтер базасында Қытай 17 жылда Қазақстан экономикасына 36,7 млрд инвестиция салғанын байқауға болады.
Қытайдың Қазақстанға 2005-2023 жылдар аралығында құйған инвестицияларының жиынтық сомасы да біршама. Мәселен, 2014 жылы рельске 350 миллион доллар салынған. Нақтырақ жіктесек: 36.7 млрд доллардың:
- Энергетика – 25,2 млрд доллар
- Транспорт – 3,3 млрд доллар
- Химия өнеркәсібі – 4,4 млрд доллар
- Жылжымайтын мүлік -0,4 млрд доллар
- Металлургия – 2,8 млрд доллар
- Басқа салалар – 0,6 млрд доллар