KEGOC компаниясы 2023 жылы Ресей электр энергиясын Қырғызстанға тасымалдауды арттырған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
2023 жылы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

KEGOC компаниясына 2023 жылы қырғызстандық сатып алушылардан түскен түсім бірнеше есе артқан. Бұл туралы компанияның kursiv.media сауалына берген жауабында жазылған.

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетикалық ынтымақтастық келісімі аясында былтыр қырғыздарға Ресей электр энергиясы жеткізілген.

«2023 жылы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі хаттамалық тапсырмаларын орындау шеңберінде Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына электр энергиясын жеткізу орындалды», – делінген жауапта.

Осы келісімді орындау нәтижесінде ұлттық электр операторы есебіне Қырғызстаннан түсетін қаржы артқан.

«Қырғызстандық сатып алушылардан түсетін түсімнің артуы «KEGOC» АҚ-ның Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасының энергия жүйесіне Қазақстан ҰЭТ-ы арқылы электр энергиясының мемлекетаралық транзитін жүзеге асыруына байланысты», – дейді компания.

Есесіне KEGOC-қа ресейлік және өзбекстандық сатып алушылардан түсетін түсім қысқарған. Оған Ресейден жеткізілетін электор энергиясының азаюы және мемлекетаралық транзиттің қысқаруы ықпал еткен.

KEGOC Ресей Федерациясының БЭЖ-імен қатарлас жұмыс
режимдерінің тұрақтылығын басқару және қамтамасыз ету бойынша Қазақстан
Республикасы БЭЖ-і Жүйелік операторының функцияларын орындай отырып,
Қазақстан Республикасының БЭЖ-і және Ресей Федерациясының БЭЖ-і
шекарасындағы жоспарлы электр энергиясының нақты мемлекетаралық
сальдо-ағынының ауытқуын және Қазақстан ҰЭТ-ы арқылы Ресей электр
энергиясын жеткізуді (мемлекетаралық транзит) реттейді.

«2023 жылы ресейлік сатып алушылардан түсетін түсімнің төмендеуі Ресей Федерациясына жеткізілетін электр энергиясы көлемінің және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекетаралық транзиттің азаюына байланысты», – дейді компания.

«KEGOC» АҚ Орталық Азияның Біріккен энергия жүйесімен қатарлас жұмыс істеу шеңберінде Өзбекстан энергия жүйесі үшін қуатты реттеу бойынша қызмет көрсетеді. 2023 жылы Өзбекстанға көрсетілген қызмет көлемі азайған.

2023 жылы KEGOC-тың таза пайда 60%-ға артып, 42,7 млрд теңгені құрады.

2023 жылы электр энергиясын тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға артты. Көрсеткіш 115,06 млрд. кВтсағатты құрады. Бұл KEGOC көрсететін қызметтер көлеміне оң әсерін тигізген.

Moody’s KEGOC-тың кердиттік рейтингі бойынша болжамды көтерді – «BAA2» «Позитивті». Fitch Компанияның рейтингін «BBB» дейін «Тұрақты» болжаммен көтерді. Ал S&P Global CSA Score 51/100 деңгейінде ESG рейтингін тағайындады.


Сондай-ақ оқыңыз