Жаңалықтар

21 мамырда Алматыда сейсмикалық жаттығу кезінде дабыл қағылады

Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

21 мамырда сағат 10:00 Алматы қаласында жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

«Құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, субъектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі», – делінген әкімдік хабарламасында.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырып, бірнеше ескерту жариялады:

  • Жер сілкінісінен кейін отбасыңыздың жиналу орнын алдын ала анықтаңыз;
  • Жер асты дүмпуі кезінде әрекет ету үшін үйіңіздегі ең қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау қажет. Мұндай орындарға мыналар жатады: күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішкі қабырғалардан пайда болған бұрыштар;
  • Ғимараттан эвакуациялаудың ең қысқа жолын анықтаңыз немесе ғимарат ішінде қауіпсіз орын табыңыз; 
  • Жиһаздың жоғарғы  сөрелерді ауыр заттардан босатыңыз. Тіпті құлайтын жиhазды бекітіп тастау қажет.

Айта кетейік, 20 мамыр таңертең Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Алматыда Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі 1 маусымға дейін пилоттық режимде іске қосылады. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өткізген кеңесінде белгілі болды.

Mass Alert жүйесінде Cell Broadcast технологиясы қолданылады. Бұл технология бүкіл абонометке бірден хабарлама жіберуге мүмкіндік тудырады.