ЕАЭО елдері арасында Қазақстан өнеркәсібінің өсімі ең төмен
Қаңтар-наурызда Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өндірісінің ең төмен өсу қарқыны (жылдық көрсеткішпен салыстырғанда +3,8%) тіркелді, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.
Сонымен қатар Қазақстанда бөлшек сауда айналымы бойынша да ең төмен өсім (+4,9%) байқалды. Бұған қоса жұмыссыздардың ең көп саны және жүк айналымының айтарлықтай төмендеуі (-2,9%) тіркелген.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден Беларусь көш бастап тұр. Тізім бойынша Беларусь( 6,9%), Армения ( 4,5%), Қазақстан ( 1,6%), Қырғызстан (1,4%) мен Ресей (1,2%). Құрылыс жұмысы көлемі Қырғызстанда 33,8% өскен. Қазақстанда бұл көрсеткіш 15,9% болса, Беларусь ( 9,2%) пен Ресейде (3,5%) көрсеткіштен жоғары емес.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бөлшек сауда айналымы 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2023 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға өсті. ЕАЭС елдері арасында бөлшек сауда айналымының өсімі бойынша да Қырғызстан алда келеді: 3 айда 17,4% өсім көрсеткен. Беларусь (13,1%), Ресей (10,5%), Қазақстан (4,9%), Арменияда (5,4%) өсім бар.
Одаққа кіретін елдерде жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны тек Қазақстанда артты. 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда Қазақстанда ресми мекемелерге жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 10,6%-ға артқан.
Еске сала кетсек, ЕАЭО елдері арасында азық-түлікке ең көп ақша жұмсайтын Қазақстан халқы болып шықты. Бұл туралы ЕАЭО елдерінің 2018–2022 жылдардағы өмір сүру деңгейіне арналған статистикалық зерттеуде жазылған.
Зерттеуде айтылғандай, қазақстандықтардың азық-түлікке табысының 51%-ын, Ресейде 32,9%-ын жұмсайды екен. Ал көлік, ақпарат және байланысқа ең көп шығын шығаратындар Ресейде, 18,7%-ға дейін.