Жаңалықтар

Microsoft жасанды интеллектісі бар жаңа компьютерлерін таныстырды

Microsoft Windows бен MacOS компьютерлері арасындағы бұрыннан келе жатқан бәсекені жандандырғысы келеді / Фото: Reuters/Dado Ruvic

Microsoft өнімділігі жоғары компьютерлердің жаңа санатын таныстырды. Мұндай компьютерлер локальді жасанды интеллект көмегімен өңдеудің бұлттық жүйесіне қосылмай-ақ деректерді өңдей алады. Microsoft-тің есебі бойынша, құны шамамен 1000 доллар тұратын құрылғылар Apple компьютерлерімен бәсекелесетін болады. Өткен дүйсенбіде компания акциялары 1,2%-ға қымбаттады.

Толығырақ

Редмондте өткен кездесуде Microsoft жасанды интеллектіге бағдарланған компьютерлердің жаңа санатын көпшілікке таныстырды. Жаңа бренд Copilot+ атауымен шықты. Компания мамандарының айтуынша, жасанды интеллектімен жұмыс істеуге арналған чиптің арқасында компьютер Apple-дің MacBook Air M3 моделінен 58%-ға жылдамдырақ жұмыс істей алады деп хабарлайды Bloomberg.

«Copilot+ стандартына сәйкес келетін компьютерлердің жаңа санатын Microsoft-ың өзі және бірқатар серіктесі сатады» деп жазады Reuters. Жаңа құралдардың құны 999 доллардан басталады. Microsoft жаңа компьютерлерге алдын ала тапсырысты дүйсенбіден бастап қабылдай бастады. Ал өнімді маусым басында сынап көруге болады дейді CNBC.

 Copilot+ не істей алады?

Таныстырылым кезінде Copilot+ шынайы уақыт режимінде Minecraft ойнап отырған пайдаланушыға арналған вертиуалдық көмекші рөлінде шықты. Copilot+ компьютерлері аудиожазбаларды аударып, келіп түскен хабарламаға жауап беріп, «баптаулар» мәзірін өзгертуді ұсына алады және экрандағы өзгерістер жайында адаммен сөйлесе алады. 

Microsoft басшылары OpenAI-дың ең жаңа чат-боты – GPT-4o жақында Microsoft Copilot-тың бір бөлігі ретінде қолжетімді болатынын мәлімдеді.  

Apple-мен бәсекелесу

Microsoft бас директоры Сатья Наделланың мәлімдеуінше, Copilot+ дербес компьютерлерінің жаңа мүмкіндіктері Windows бен Apple-дің MacOS жүйесіндегі компьютерлер арасындағы байырғы бәсекені жандандырады. 

«Apple таңғажайып жұмыс атқарды, – деді ол Bloomberg Television студиясында. – Бірақ енді біз Windows бен Mac арасындағы шын бәсекені қайта жандандырғымыз келеді».

Apple де бір орнында тұрған жоқ. Компания бір айдан кейін әзірлеушілер конференциясында өзінің жаңарған жүйесіндегі локальдік жасанды интеллектісін таныстырады. Компания пайдаланушылардың күнделікті тіршілігін жеңілдете алатын функцияларды жетілдірмек дейді Bloomberg. Атап айтқанда, ЖИ базасында Siri дабыстық көмекшінің мүмкіндіктері арта түседі. 

Дербес компьютерлердің өзі қандай, сатылымы қандай болмақ?

«Microsoft болжамы бойынша, келер жылы жаңа компьютерлердің 50 млн данасы сатылады», – деп мәлімдеді компанияның тұтынушылық маркетингі бөлімінің бастығы Юсуф Мехди. Оның пікірінше, ДК-ға орнатылған ширақ ЖИ-көмекшілер «адамдарды ескі компьютерден құтылуға итермелейтін басты себеп» болады дейді Reuters.

Microsoft Copilot+ компьютерлерінің жаңа маркетингтік санаты «ультрабуктерді» – Windows жүйесіндегі жіңішке ноутбуктеріне ұқсас. Бұл компьютерлерді Intel 2011 жылы MacBook Air-мен бәсекелесу үшін  өндірушілер арасында іргелетумен айналысты дейді Reuters.

Контекст

Windows дербес компьютерлері нарығында ондаған жыл бойы Intel процессорлары үстемдік етті. Архитектурасы алдымен х86, кейін x64 болды. Енді архитектурасы ARM-ге негізделген Qualcomm және басқа өндірушілер озып отыр. ARM бастапқыда мобильді телефондар мен планшеттерге арналып әзірленген еді. Microsoft презентация кезінде Surface Pro  планшеттері мен Surface ноутбуктерін таныстырды. Мұндай планшет, ноутбуктерге ARM Holdings архитектурасындағы процессорлар базасында Qualcomm чиптері орнатылған.

Сонымен қатар компания Prism технологиясын таныстырды. Бұл технология Intel және AMD  чиптері үшін жасалған бағларламаға ARM (Advanced RISC Machines) чиптерінде жұмыс істеуге көмектеседі. 

Qualcomm Snapdragon X Elite чиптері Microsoft Copilot бағдарламалық құралы сияқты жасанды интеллектке бағдарланған қосымшаларды жылдамдататын нейрон процессорларды қамтиды.

Microsoft 2016 жылы Qualcomm компаниясынан Windows-ті ARM процессорына ауыстыруын өтінген. Qualcomm 2024 жылдың соңына дейін Microsoft Windows құралдарына деген ерекше құқыққа ие. Nvidia сияқты чип өндіруші компаниялар өз чиптерін ARM базасында әзірлейді дейді Reuters. 

Акцияның жайы

Дүйсенбіде болған саудада Microsoft акциясы 1,2 пайызға қымбаттап, 425,3 долларға дейін барды. Жыл басынан бері компания акциялары 13 пайызға, ал кейінгі 12 айда 32%-ға қымбаттаған. MarketWatch деректері бойынша, Microsoft бақылап отырған 57 сарапшы ішінен 54-і компания акцияларын сатып алуға кеңес береді. Microsoft қағаздарының бағасы бойынша Уолл-стриттің акция бағасына қатысты консенсустық болжамы – 481,33 доллар, яғни 13,2%-ға жоғарылайды деген сөз.

Ал Qualcomm акциялары дүйсенбіде  2,01%-ға, 197,76 долларға дейін көтерілді. Жыл басынан бері компанияның құнды қағаздары 36,7%-ға, ал кейінгі 12 айда 87,8%-ға қыбаттаған. MarketWatch мәліметтері бойынша, Qualcomm акцияларын бақылап отырған 38 сарапшының 25-сі акцияларды сатып алуға кеңес береді (Buy – 18, Overweight – 7), 11 сарапшы (Hold) акцияны ұстап отыруға және екі сарапшы сатуға шақырады. Уолл-стриттің акция бағасына қатысты консенсустық болжамы – 191,37 доллар. Бұл – ағымдағы бағадан сәл жоғары көрсеткіш.