Zoom акциясы Уолл-стрит болжаған мөлшерден де төмендеп кетті

Жарияланды
Zoom пандемия аяқталғаннан кейін жаңа өнімдер енгізу арқылы кіріс өсімін ұстап тұруға тырысады / Фото: Unsplash/lyus sugiharto

20 мамыр күнгі негізгі сауда аяқталған соң Zoom бейнебайланыс операторының акцияларының бағасы төмендеп кетті. Бұған дейін компанияның есебі шыққан болатын. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, Zoom компаниясының табысы мен түсімі сарапшылар болжаған деңгейден асып түсті. Бірақ екінші тоқсандыкі болжаулы мөлшерге жетпеді.

Толығырақ

Nasdaq деректері бойынша, тоқсандық есеп шыққан соң, Zoom акциялары кеңейтілген саудада 4%-дан аса төмендеді. Постмаркет аяқталуға жақындағанда, құлдырау 1,15%-ға бәсеңдеді.

Тоқсандық есеп шыққанға дейін компания бағалары дүйсенбідегі негізгі сауданы 0,1%-ға төмендеумен жапты. Жыл басынан Zoom акциялары 10 пайызға арзандаған. Компания акциялары пандемия кезінде адамдар жаппай қашықтан жұмыс істеуге көшкенде қатты қымбаттаған. 

Zoom не жайында есеп берді?

2025 қаржы жылының бірінші тоқсанында (30 сәуірде аяқталды) Zoom түсімі өткен жылдың тура сондай кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға, 1,14 млрд долларға дейін жоғарылаған деп хабарлайды компания. «Бұл көрсеткіш сарапшылардың болжағанынан асып түсті. Олардың болжамы 1,13 млрд доллар деңгейінде болған» деп жазады Investing.com. 

Компания бірінші тоқсанда 216,3 доллар көлемінде табыс тапқанын хабарлады. Әр акция үшін түзетілген пайда 1,35 долларды құрады. Бұл сарапшылардың консенсустық болжамындағы межеден 1,19 долларға жоғары.

«Осы кезеңде корпоартивтік клиенттер саны 191 мың адам болды. Бұл көрсеткіш Bloomberg сауалнама жүргізген сарапшылар белгілеген бағадан (олар 223,85 мың деп болжады) төмен» деп жазады Seeking Alpha.

Zoom-ның операциялық қаржы ағыны жылдық есепте 40,6%-ға – 588,2 млн долларға дейін артты. Investing.com мәліметінше, бұл деректер компанияның қаржылық жағдайы жақсы екенін көрсетеді. 

Zoom бас директоры Эрик Юань тоқсандағы жақсы нәтижеге Zoom платформасына енгізілген жасанды интеллект пен компанияның стратегиялық инвестциясы себеп болды деп түсіндіреді. 

«Бұл инновациялар біздің сәтті атқаруымыз бен мақсатты инвестиция салуымыз арқылы болжамды деңгейден асып түсіп, операциялық ақша ағынының 40,6%-ға артуына және жыл сайынғы еркін ақша ағынының 43,6%-ға ұлғаюына қол жеткізуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті Юань.

Әрі қарай не болады?

«Zoom пандемия аяқталысымен табыстың деңгейін сақтап қалуға тырысады. Ол үшін ЖИ базасында мәтінді өңдеу қолданбасы және көмекші сияқты жаңа өнімдерді енгізеді» деп жазады Market Watch.

Бейнебайланыс операторы мамандарының болжауы бойынша, екінші тоқсанда әр акцияға түзетілген табыс 1,20-дан 1,21 долларға дейін болады. Ал сарапшылардың консенсустық болжамы 1,23 доллар деңгейінде болған. Екінші тоқсанда түсімнің болжамды диапазоны – 1,145-тен 1,15 млрд долларға дейін. Бұл көрсеткіш сарапшылардың бағалауынан төменірек (1,15 млрд доллар) деп жазады Investing.com.

Бұдан басқа Zoom 2025 қаржы жылындағы акцияға шаққандағы түзетілген пайданы 4,99–5,02 доллар деңгейінде болады деп болжайды. Консенсустық баға 4,91 долларға тең. 2025 жылғы кірістер бойынша болжам 4,61–4,62 млрд доллар аралығында. Ол консенсусқа сәйкес (4,61 млрд доллар) келеді.

Сарапшылар қандай кеңес береді?

Market Watch деректері бойынша, бейнебайланыс акцияларын бақылап отырған сарапшылардың басым бөлігі акцияларды сатпай ұстап тұруға кеңес береді (Hold – 23). Он сарапшы акцияны сатып алуға кеңес береді  (Buy – 7, Overweight – 3), екеуі сату керек екенін айтады (Sell).

Орташа мақсатты баға – 78,4 доллар, бұл 20 мамыр күнгі сауда жабылғандағы бағадан 22%-ға жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз