Махамбет пен Сарытоғай арасындағы жол қозғалысы қалыпқа келтірілді

Жарияланды
Махамбет пен Сарытоғай арасындағы жол қозғалысы қалыпқа келтірілді /Фото: архив/kursiv.media

Атырау облысындағы тасжолдар қалыпқа келтіріле бастады. Бұл туралы Ұлттық компания мәлімет таратқан. Компания қызметкерлері жергілікті орган өкілдерімен бірігіп Махамбет пен Сарытоғай арасындағы жолды қалыпқа келтіру бойынша жедел жөндеу жұмыстарын аяқтаған.

«2024 жылғы 21 мамырда сағат 01:00 шамасында жол ашылып, көліктердің жүруіне рұқсат етілді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Жайық өзені суының көтерілуі салдарынан Атырау облысында автожолдар қозғалысына шектеу қойылған. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық жедел штабы өр суының көп келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елдімекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында осындай шешім қабылдаған. Махамбет және Сарытоғай ауылы тұсына жиналған жайылымдағы өр суы жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бетіне жіберілген.

Жедел штаб Махамбет-Индер жолы уақытша жабылғанын, бірақ ауылдарға қауіп төнген жоқ екенін ескертті. Орал, Индер, Махамбеттен Атырау бағытында автокөлік жүргізушілері Индер-Атырау трассасы арқылы қатынайтын болды.

Сол кезде «Қазавтожол» АҚ автомобиль жолдарының бірнеше учаскесінде барлық  автокөлік түріне шектеу қойылғанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз