Tele2 мен Altel-ді сатудан түсетін қаржы Ұлттық қорға құйылуы мүмкін. Алайда жеке акционерлер оған қарсы

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
QAMS өкілдері байланыс операторын сатудан түскен қаржының Ұлттық қорға құйылуына қарсы/ Фото: kursiv.media

Altel/Tele2 байланыс операторларына иелік ететін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ні қатарлық инвесторға сатудан түтесін қаржы Ұлттық қорға құйылуы мүмкін. Алайда жеке акционерлер қауымдастығы мұнымен келіспейді. QAMS қауымдастығының атқарушы директоры Данияр Темірбаев осы мәселені көтеріп Конституциялық сотқа жүгінген,

2023 жылы Ұлттық экономика министрлігі квазимемлекеттік активтерді бәсекелестік ортаға беруден түскен қаржы Ұлттық қорға құйылады деп бекіткен. Алайда Темірбаевтың айтуынша, бұл ереже жеке акционерлердің мүддесіне қайшы.

Ережеге сәйкес, «Самұрық-Қазына» қоры тобының активтерін сатудан түскен қаражат мемлекеттік үлес бойынша дивидендтерді қоспағанда, Ұлттық қорға аударылуы тиіс.

«100% акциясы «Қазақтелекомға» тиесілі «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясын сатудан түскен түсім «Қазақтелекомның» миноритарлық акционерлерін айналып өтіп, Ұлттық қорға бағытталуы мүмкін. Ал «Самұрық-Қазына» арнайы дивиденд алады», –деді Данияр Темірбаев.

Данияр Темірбаев бұл ережелер жеке инвесторлардың мүддесіне қайшы келіп тұрғанын айтады. Олардың мүлкін мемлекет мұқтажы үшін балама өтемақысыз мәжбүрлі түрде алып отыр.

«Бұл ереже салдарынан Қор тобына кіретін компаниялардың жеке акционерлері өз мүлкі – дивидендтен сот шешімінсіз қағылып отыр. Өйткені дивиденд төлеуге бөлінген таза пайда сомасында Қор тобына кіретін активтерді сатудан түсетін пайда ескерілмейді», – деді Темірбаев.

Ал «Қазақтелеком» болса, еншілес компанияны сатуден түскен пайда өз еншісінде қаларына сенімді. QAMS қауымастығына берген жауабында бұл қаржыны қарызды өтеу мен инвестжобаларға, акционерлерге дивиденд ретінде төлеуге жұмсайтынын айтқан.

«Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін операторлардың бірін сату туралы әңгіме Қазақстанда көптен бері айтылып келеді. Өйткені топ ұялы байланыс нарығында монополия орнатқан. Кейін компания жыл соңына дейін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ні (Tele 2 және Altel брендтері) сататыны анықталды.

2024 жылдың ақпан айында  Қатардың Power International Holding холдингі Tele2 және Altel брендтерімен жұмыс істейтін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ні сатып алуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Осы мақсатта үшжақты келісімге қол қойылған. 

Қазіргі уақытта – «Қазақтелеком» «Мобайл Телеком Сервис» жалғыз акционері. Сондай-ақ мемлекеттік холдингке Kcell акцияларының 51%-ы тиесілі.

Қазақтелеком» акционерлері Tele 2 мен Altel қатарлық холдинг – Power International Holding (PIH) компаниясына сату туралы түпкілікті шешімді 4 мамырда шығарды.

Қазіргі уақытта – «Қазақтелеком» «Мобайл Телеком Сервис» жалғыз акционері. Сондай-ақ мемлекеттік холдингке Kcell акцияларының 51%-ы тиесілі.

2022 жылдың есебіне сәйкес, «Қазақтелекомның» таза табысындағы «Мобайл телеком сервис» үлесі 2022 жылы 50%, 2021 жылы 51%-ды құрады. Соңғы 12 айда «Қазақтелекомның» шоғырландырылған таза пайдасы 129 млрд теңгеге жетті.

Сарапшылар компанияны сатудан түскен пайда 916–1 122 млрд теңгені құрауы мүмкін деп пайымдайды. 

Сондай-ақ оқыңыз