Шығынға батқан Ulmus Besshoky компаниясы мыс кен орнын барлауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлмек

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Ulmus Besshoky компаниясы Қарағанды ​​облысындағы «Бесшоқы» мыс кен орнында ұңғымаларды бұрғылауға 1,1 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды KASE.

Ақпан айында компания аты аталмаған банктен 8 млрд теңге несие алған. Бұл оның активтерінен екі есе көп. Бұл ретте Ulmus Besshoky компаниясы үш жыл қатарынан шығынға ұшырап келеді.

Компания «Арчей-2006» бұрғылау компаниясымен «Бесшоқы» кен орнында негізгі және қосалқы бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін ірі мәміле жасасады деп хабарланды.

Мәміленің жалпы сомасы ҚҚС-сыз 1,1 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар Ulmus Besshoky компаниясы еншілес кәсіпорны «Бешоқы ЛТД» серіктестігінің 67% акциясын 3,5 млн теңгеге сатып алмақ. Сондай-ақ компания жалпы сомасы 6 млрд теңгеге қосымша эмиссия жүргізгісі келеді:

  • бір акцияға 62,6 мың теңге бағамен 59,2 мың дана;
  • бір акцияға 33,1 мың теңге бағамен 69,9 мың дана.

14 ақпанда Ulmus Besshoky компаниясы мыс кен орнын барлауға айналым қаражатын толықтыру үшін аты-жөні белгісіз несие берушіден төрт жылға 8 млрд теңге несие алғаны белгілі болды. Несие сомасы шешім қабылданған күні (2024 жылғы 22 қаңтар) компания активтерінің жалпы баланстық құнының 176,98%-ын құрады.

Несиені кім бергені көрсетілмейді. Ол Ulmus Besshoky барлау жобасының айналым қаражатын толтыру үшін кепілсіз берген.

Несие сомасы несие алу туралы шешім қабылданған күнгі компания активтерінің жалпы баланстық құнының 176,98%-ына тең. Негізгі қарызды және несие бойынша есептелген сыйақыны толық өтеуге 4 жыл уақыт берілген. Компания несие берушінің қаражатын 2028 жылдың 7 қарашасында қайтаруы тиіс.

Қазақстан қор биржасының мәліметіне сай 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша компанияда 3 акционер бар. Олар – BAI TAU MINERALS компаниясы – 36,67% акцияға иелік етеді. Тимур Исаев – 33,92% акцияға ие. Бхамре Прасад (есепте азаматтығы көрсетілмеген, Қазақстанда тұру ыхтиярхаты бары) – 29,41% акцияға иелік етеді. 2022 жылдың соңында Тимур Исаев компанияның 52% акциясына, Бхамра Прасад 45% акциясына иелік еткен.

Сондай-ақ оқыңыз