Сингапурға ұшқан Boeing 777-300ER ұшағының қатты шайқалуы салдарынан жолаушылар зардап шекті
BBC ақпараты бойынша Лондоннан Сингапурға ұшқан Singapore Airlines компаниясы ұшағының әуеде қатты шайқалуы салдарынан 1 адам көз жұмып, 50 адам жараланды.
10 сағат өткеннен кейін Boeing 777-300ER ұшағы Мьянма тұсында 11300 метр биіктікте күшті турбелентті аймаққа тап болды. Ұшқыш болған жағдайды диспетчерге лезде хабарлап, Бангкок аумағындағы әуежайға қонуға шешім қабылдады. Жолаушыларды әуежайда жедел жәрдем бригадасы күтіп алды. Ауруханаға жеткізілген жеті адамның жағдайы өте ауыр.
Бортта 211 жолаушы, 18 экипаж мүшесі болды. 73 жастағы британдық жүрек талмасынан жап тапсырды. Ұшақ күтпеген жерден төмен құлдилап, қатты шайқалған. Жолаушылардың басым көпшілігі Аустралия, Британия, Сингапур азаматтары болып шықты. Әуе көлігі 2008 жылы өндірістен шыққан.
Азаматтық авиация комитеті дерегі бойынша Қазақстанда 5 Boeing 737-9 MAX ұшағы бар.
Boeing ұшақтарына қатысты оқыс оқиғалар туралы ақпараттар жиі жарияланады.
АҚШ-та 7 сәуір күні Southwest Airlines әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағының қозғалтқыш корпусы Денвер әуежайынан көтерілу кезінде ұшып кетті. Ұшақ әуежайға қонуға мәжбүр болған.