AstraZeneca 2030 жылға қарай жылдық пайдасын 80 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
AstraZeneca биофармацевтикалық компаниясы 2030 жылға қарай дәрі-дәрмектің жаңа 20 түрін шығарып, жылдық табысын 80 млрд долларға дейін көбейтпек. «Jefferies сарапшылары оған дейін 80 млрд долларлық пайда әбден мүмкін меже екенін мәлімдеді» деп жазады Reuters. Нью-Йорк қор биржасында компания акциялары 2,7%-ға қымбаттаған.
Толығырақ
«Сейсенбі, 21 мамырда өткен инвестор күнінде AstraZeneca басшылығы компанияның 2023 жылға қарай жылдық пайданы 75%-ға, 80 млрд долларға дейін көбейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді» деп жазады Reuters. Оған алдағы алты жылда шығатын дәрі-дәрмектің жаңа 20 түрі, биофармацевтика портфелінің өсуі, онкологиялық арулар мен сирек кездесетін дерттерді емдеуге арналған препарат санының артуы себеп болады. Салыстыру үшін компания былтыр жылдық пайдасының 45,81 доллар болғанын хабарлаған еді.
«Біз 80 млрд долларлық межеге жететінімізге сенеміз. Оған қолымыздағы дәрі-дәрмек портфелінің ауқымы сенім беріп отыр, – деді AstraZeneca қаржы директоры Арадхана Сарин 21 мамырда CNBC-ге берген сұхбатында. – Әзірленіп жатқан 20 жаңа дәрі-дәрмектің сатылымынан жылына 5 млрд доллар түсуі мүмкін».
«Jefferies сарапшыларының мәлімдеуінше, 80 млрд доллар – ықтимал меже. Олардың пікірінше, компанияға пайда әкеліп жатқан жаңа әзірлемелердің 2025 жылға дейінгі қоры «біршама жұпыны», алайда бұл ірі фармацевтика «жаңа препараттар шығарудағы ептілігі жағынан өз қатарының алды болып тұр» деп жазады Reuters.
Контекст
«AstraZeneca 2020 жылы Оксфорд университетімен ынтымақтасып, коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналардың бірін шығарды. Бірақ қазір компания оны тоқтатқан. AstraZeneca әу баста онкологиялық дерттер мен жүрек-қантамыр ауруларына бағдарланған еді. Келешекте де компания осы бағыттарға басымдық береді», – деп мәлімдеді Арадхана Сарин CNBC берген сұхбатында. Сонымен қатар AstraZeneca қант диабеті және метаболикалық ауруларға қарсы дәрі шығаруды жалғастырады.
Қазіргі кезде AstraZeneca компаниясының сұранысқа ие дәрілік заттарының қатарында өкпе обырына қарсы Tagrisso препараты, лейкемияға қарсы Calquence және қант тиабетін тежейтін Farxiga препараты бар. Компания сүт безі қатерлі ісігін емдеуге арналған және АҚШ-та сертификатталған Ethertu препаратын сынау кезінде мықты нәтижелерге қол жеткізді. AstraZeneca Сингапурда химиотерапия және сәулелік терапия сияқты классикалық емдеуге балама болатын «конъюгат – антидене препараты» (ADC) қатерлі ісікке қарсы жаңа буындағы өндіріс зауытын салуды жоспарлап отыр. AstraZeneca бүкіл әлем бойынша бірқатар фармацевтикалық компанияны, соның ішінде наурызда Fusion Pharmaceuticals компаниясын сатып алды.
Акцияның жайы
Нью-Йорк қор биржасында сейсенбі, 21 мамырда AstraZeneca позициясы 2,68%-ға, 79,18 долларға дейін жоғарылады. Жыл басынан бері акциялар 17,6%-ға, кейінгі 12 айда 6,9%-ға қымбаттаған. Ал 2014 жылы компания құны үш есеге көтерілген.
«Дегенмен AstraZeneca акциялары биофармацевтикадағы басқа бәсекелестерінен кенжелеп тұр. Жыл басынан Novo Nordisk акциялары 30,65%-ға, ал GSK акциялары 20%-ға қымбаттаған» деп жазады Reuters.
MarketWatch деректеріне сәйкес, AstraZeneca акцияларын бақылап отырған 32 сарапшының 24-і акцияларды сатып алуға, жетеуі сақтап отыруға, бір ғана сарапшы сатуға кеңес береді. Уолл-стриттің консенсустық болжамы – 83 доллар, бұл – 4,8%-ға қымбаттау деген сөз.