Жаңалықтар

Nvidia акцияларының саудасы тоқсандық есеп алдында рекордтық межеде жабылды

Nvidia акциялары рекордтық межеде жабылды / Фото: Shutterstock

Nvidia акцияларының саудасы сейсенбі, 21 мамырда рекордық межеде жабылды. Инвесторлар акцияларды тоқсандық есепті оң болады деп күтіп сатып алған болатын. Компания тоқсандық есепті бүгін негізгі сессия жабылған кезде жариялайды. Сарапшылар Nvidia нәтижелерінің нарық үшін шешуші мәні бар деп санайды. Азияда Nvidia есебінің оң болатынына қарай компанияның негізгі жеткізушілерінің акциялары да қымбаттады. 

Толығырақ

Сейсенбі, 21 мамырда NVIDIA акцияларының құны сауда қорытындысы бойынша 0,6%-ға – 953,86 долларға дейін жетті. Бұл – компанияның акциялары үшін сауданың жабылуы кезіндегі рекордтық баға. Nvidia акциялары рекордтық деңгейге соңғы рет 25 наурызда жетіп, Blackwell жасанды интеллект чипінің таныстырылымынан кейін 950,02 долларға дейін көтерілді.

Жыл басынан бері Nvidia акциялары 90%-дан аса қымбаттады. Осы кезеңде S&P 500 индексі де 11,5 пайызға, ал Nasdaq Composite индексі – 12%-ға артқан. 

Себебі неде?

«Nvidia акциялары есеп беру науқанына байланысты қолдау тапты. Яғни ірі технологиялық компаниялар жасанды интеллек инфрақұрылымына миллиардтап қаражат жұмсауға қатысты жоспарларын растады», – деп жазады Barron’s.

Nvidia 2025 қаржы жылының бірінші тоқсанының (28 сәуірде аяқталды) есебін бүгін сауда жабылған кезде жарияламақ. FactSet сауалнамасына қатысты сарапшылардың консенсустық болжамына сәйкес,  компания 24,59 млрд доллар тапқанын, бір акцияға түзетілген пайда 5,80 доллар болғанын хабарлайды. «Бұл ретте көп сарапшының бағалауынша, Nvidia 26 млрд доллардан кем емес пайда тапқаны туралы хабарлап, екінші тоқсанға оң болжам жасағанда ғана нарықтың үмітін ақтайды» деп жазады Barron’s.

Raymond James сарапшысы Срини Паджьюридің: «Біз Nvidia компаниясынан пайда 5-10%-ға артқан тағы бір табысты тоқсан күтеміз, – деген сөзін келтіреді Barron’s басылымы. – Blackwell чиптеріне деген сұраныстың артуын ескерсек, кез келген ақша қайтымы ұзаққа бармайы».

«Nvidia компаниясында 26-28 млрд доллар маңайында табыс таптым деп хабарлауына әлеуеті баршылық. Акция бағасының жоғарылауы үрдісін ұстап тұруына осы меже жеткілікті», – деді UBS сарапшысы Тимоти Аркури.

Nvidia нәтижелері нарықтың қазіргі ахуалының тұрақтылығы мен әлде де ауқымдырақ нарық бәйгесінің әлеуеті үшін өте маңызды деп санайды Nationwide инвестициялық зерттеулер бөлімінің басшысы Марк Хэкетт. Алайда, Interactive Brokers компаниясының бас стратегі Стив Сосниктің айтуынша, Nvidia болмашы ғана әлсіздік көрсетсе болды, ықтимал жаппай сатылымнан бір Nvidia ғана емес, әлдеқайда көп компания жапа шегеді.

Мәмілелер туралы деректер көрсеткендей, трейдерлер Nvidia есебі шыққаннан кейін компания акцияларының бағасы, шамамен, 10%-ға қымбаттайды деп күтеді дейді The Wall Street Journal, Cboe Global Markets ақпаратына сілтеме жасап. Табыс туралы соңғы есептен кейін Nvidia акциялары 16%-ға – рекордтық деңгейге дейін қымбаттады. Былтыр мамырда компания құны 30%-ға артқан еді. Сол кезде компания сарапшылардың күткенінен гөрі жақсы нәтиже туралы есеп берді және жасанды интеллектінің жаппай енуіне байланысты сатылымның артуы аясында болжамы жақсарды.

Контекст

Nvidia компаниясының соңын ала бере бүгін Азиядағы саудада компанияның негізгі жеткізушілерінің акциялары да қымбаттады. SK Hynix жад чипін өндіруші және келісімшартпен чип өндіруші – TSMC акцияларының құны, шамамен, 2 пайызға өсті. Hon Hai Precision Industry электроника өндіруші компаниясының акциялары 2,4%-ға артқан» деп жазады Investing.com. «NVIDIA пайда тапқанын күткен Азияның технологиялық компанияларының, әсіресе чип өндірушілерінің акциялары, керісінше, арзандап барады деп атап өтті Investing.com.

Акцияның жайы

Бүгінгі премаркетте Nvidia акцияларының бағасы 0,2 пайызға дейін төмендеді. MarketWatch деректеріне сүйенсек, барлық дерлік сарапшы компания акцияларын қазір сатуға болмайтынын айтады. Компанияны бақылап отырған 60 сарапшының жетеуі бұған дейін сатып алған акцияларды ұстай тұруға кеңес береді. Қалғаны сату керек деп біледі. Уолл-стриттің акция бағасы бойынша орташа болжамы – 1038,98 доллар. Бұл – сейсенбі, 21 мамырдағы сауданың жабылуындағы акциялар құнынан, шамамен, 9%-ға жоғары көрсеткіш.