Research

Орталық Азия және Кавказ елдері Ресейден жөнелтілетін ақша аударымдарына тәуелді ме?

Орталық Азия елдеріне Ресейден кейін екінші жұмыс беруші ел – Қазақстан/ Архив: kursiv.media

Ресей соңғы он жылда өңірдегі ақша аударымдарымның көшбасшысы статусын жоғалтқан жоқ. Дегенмен Молдова мен Грузия Ресейден ақша аударымдарын Еуроодақ елдерімен келісімшарт жасай отырып әртараптандырды. Халықаралық Еңбек Миграция Ұйымының (ХЕМҰ) мәлеметінше, Молдова соңғы 5 жылда рубль аударымы көлемін екі есеге азайтқан. Грузия Ресейге жұмыс беруші елге айналды. Ресей мен Грузия миграциясының сальдосы соғыстан кейін теріс мәнге ие болды. Ал Ресейдегі Украина мигранттары саны 2019 жылы – 300 мыңнан, 2023 жылы 2600-ға дейін төмендеді.

Инфографика: kursiv.media

Бұл ретте Орталық Азияда Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Ресей ақша аударымдарына тәуелді. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Орталық Азия елдерінің және соның ішінде Тәжікстан ЖІӨ-сінің 40%-ға жуығын Ресейден келген ақша құрайды. Ал Қырғызстанға әрбір бесінші сом Ресейден келеді деп мәлімдейді. Сонымен қатар ХВҚ Өзбекстан билігі ақша аударымын Ресей, Еуроодақ және Оңтүстік Корея елдерімен әртараптандыру саясаты әлсіз жүріп жатқанын айтады

Ресейден Қырғызстанға ақша аударымдарының ЖІӨ-дегі үлесі 19,6%-ға тең

Халықаралық Валюта Қорының мәліметінше, 2023 жылы Ресейден Қырғызстанға ақша аударымдарының ЖІӨ-дегі үлесі 19,6%-ға тең болды. Қырғызстан Ұлттық Банкінің мәліметінше 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Ресейден Қырғызстанға екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттары арқылы ақша аударымдарының көлемі  2,5 млрд долларды құраған.

Өзбекстан Ресей ықпалын төмендеткісі келеді

Өзбекстан Орталық Банкінің мәліметінше, 2023 жылы Ресейдегі Өзбекстан мигранттарынан түскен ақша аударымдарының көлемі – 41,7%-ға азайып, 8,6 млрд долларды құрады. Бірақ соған қарамастан, Өзбекстан Орталық Азия мен Кавказ  елдері ішінде ең көп Ресейден номиналды ақша аударымдарын алатын ел. Өзбекстан Орталық Банкі 2024 жылы Ресейден келетін ақша аударымдары 10-12 млрд доллар көлемінде болады деп жоспарлап отыр. Оған басты себеп – Өзбекстан 2024 жылға ресми түрде Ресейден 1,2 млн жұмыс күшінің патентін алды. Ресми Ташкент жұмыс күші миграциясын әртараптандыру үшін Еуропа, Оңтүстік Корея  елдерімен келіссөздер жүргізу арқылы Ресей ықпалын төмендеткісі келеді.

Ресейде 1,3 млн Тәжікстан азаматы тұрады

Ресей ІІМ дерегі бойынша, 2023 жылы ресми мәліметке қарасақ Ресейде 1,3 млн Тәжікстан азаматы тұрады. Жалпы Тәжікстан мигранттары 2023 жылы Тәжікстанға 5,7 млрд доллар ақша аударған, оның 80% үлесі (4,6 млрд доллар) Ресейге тиесілі. Осылайша Тәжікстанның жарты экономикасы өзге елде жүрген жұмыс күшіне тәуелді болып отыр. Ал Ресейдің Тәжікстанның жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) үлесі 38,6%-ды құрап отыр. Тәжікстан Орталық Азияда Ресей ақша аударымдарына ең тәуелді ел ретінде қарастырылған.

Грузияда қалай?

Грузия – Ресей ақша аударымын әртараптандырған елдердің бірі. Халықаралық Еңбек Миграция Ұйымының (ХЕМҰ) мәліметінше, Грузия пандемиядан (COVID-19) кейін Ресей ақша аударымдарын біртіндеп әртараптандырып, оның Грузия экономикасындағы Ресей үлесін 5%-ға дейін төмендетті. Грузия еңбек күші Ресейден Еуроодақ елдеріне бет бұрды және ХВҚ бұл тенденция жалғасын табады деп есептейді. Грузия Орталық Банкінің дерегіне қарасақ, 2023 жылдың қортындысы бойынша Ресейден Грузияға ақша аударымдарының көлемі 1,5 млрд долларды құрап отыр.

Ресейдегі Армения азаматтарының саны 300 мыңға жеткен

Армения Орталық Банкі 2023 жылдың қортындысы бойынша, Ресейден Арменияға  ақша аударымдарының номиналды көлемі 3,7 млрд доллар болды. Аударым көлемі бойынша Өзбекстан мен Тәжікстаннан кейін үшінші орында. Ресейдегі Армения азаматтарының саны 300 мыңға жеткен. Армения экономикасының 15,3% үлесін Ресейдегі мигранттар қамтамасыз етуде.

Қазақстан мен Әзербайжанда жағдай қалай?

ХВҚ Қазақстан мен Әзербайжан еңбек мигранты мен ақша аударымдары бойынша Ресейге тәуелді емес. Орталық Азия елдеріне Ресейден кейін екінші жұмыс беруші ел – Қазақстан болып отыр.

Кавказ елдерінің Ресей ақша аударымдарына тәуелділікті төмендету саясаты біртіндеп өз жемісін беріп жатыр. Ал Орталық азия соның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері ЖІӨ-сіндегі Ресейден ақша аударымдарының айтарлықтай үлесі сақталып отыр.