Жаңалықтар

Қытай билігі АҚШ-тың 12 компаниясына қарсы санкция салды

Қытай, АҚШ санкция
Бұған дейін Қытай АҚШ-тың үш компаниясын «сенімсіз ұйымдар тізіміне» енгізген / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қытай билігі Тайваньға қару сатқаны үшін АҚШ-тың 12 әскери-өнеркәсіптік компаниясы мен олардың 10 басшысына санкция салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

«Вашингтон Тайваньға қару-жарақ сату арқылы «бір Қытай» қағидатын бұзып, сол арқылы ҚХР-ның ішкі істеріне араласып, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына елеулі зиян келтірді», – деп хабарлады агенттік.

Сонымен қатар Бейжің АҚШ-тың «Ресейге қатысты факторларға негізделген» қытайлық компанияларға салған заңсыз санкцияларына назар аударды.

Шектеулердің қандай компанияларға әсер ететіні айтылмаған. Алайда бұған дейін Қытайдың Сауда министрлігі Тайваньға қару сатқаны үшін Құрама штаттардың үш қорғаныс компаниясына қарсы шектеу енгізді.

«General Atomics Aeronautical Systems, General Dynamics Land Systems және Boeing Defence, Space & Security «сенімсіз ұйымдар тізіміне» енгізілді», – деп хабарлады агенттік.

Бұл компанияларға Қытаймен импорттық және экспорттық операцияларға инвестиция салуға тыйым салынады. Олардың топ-менеджерлеріне Қытайға кіруге тыйым салынған.

Бұл Қытайдың Тайваньға қару сататын компанияларға соңғы бір жылда үшінші рет санкция салуы. Мұндай бірінші жағдай 2024 жылдың қаңтарында тіркелді. Қытай Сыртқы істер министрлігі бес АҚШ қорғаныс өндірушісінің активтерін бұғаттады, ал екіншісі биылғы сәуірде болды.

Еске сала кетсек, АҚШ кейбір қытайлық банктерді жаһандық қаржы жүйесінен ажыратуы мүмкін деп хабарлаған. Бұл мақсатта санкциялар әзірленді. Ресми Вашингтон бұл шектеу Бейжің Ресей әскери өнеркәсібіне қолдау көрсетуді тоқтатуға мәжбүр етеді деген болжам жасады, деп хабарлаған The Wall Street Journal (WSJ) жеке дереккөздеріне сілтеме жасап.