Жаңалықтар

Google, Microsoft, OpenAI, IBM, Samsung сияқты алпауыт компаниялар жасанды инттелекті жауапкершілікпен дамытуға келісті

жасанды интеллект
Алпауыт компаниялар жасанды интеллекті дамытуда қауіпсіздік мәселесін сақтауға келіскен / Фото: kursiv.media

Алпауыт технологиялық компаниялар тобы жасанды интеллекті (AI) жауапкершілікпен дамыту және қолдану туралы келісімге келген. Бұл жайлы Сеулде өткен екі күндік саммитте айтылған.

Жасанды интеллектіге қатысты Сеулдық декларация әзірленген. Бұл декларация талаптарын сақтауға 14 ірі компания келіскен. Олардың ішінде Кореяның Samsung Electronics Co., Naver Corp., Kakao Corp., KT Corp., сондай-ақ Google, Microsoft, OpenAI және IBM сияқты ірі жаһандық технологиялық компаниялар бар.

«AI қауіпсіздігі бойынша зерттеулерді ілгерілетуді, озық тәжірибелерді зерттеуді және AI көмегімен қоғамның ең маңызды мәселелерін шешуге бар күш-жігерімізді жұмсап, үш стратегиялық басымдық бойынша жұмыс істеуге дайын екенімізді жеткіземіз»,– деп мәлімдеген компаниялар.

Мұнда айтылған үш басымдық мыналар:

  • AI дамуы мен қолданылуын қамтамасыз етуде жауапкершілікпен қарау;
  • AI-де инновациялық тұрақты дамуды қамтамасыз ету;
  • AI-дің барлығына бірдей пайдалы болуын қамтамасыз ету.

Осылайша компаниялар жасанды интеллект технологияларының жылдам дамып келе жатқанын ескеріп, AI-дің жауапты дамуын қамтамасыз етуге кепілдік берген.

Бұл саммитке 19 елдің өкілдері қатысып, AI қауіпсіздігін жақсарту шараларын талқылайды. Сондай-ақ OpenAI бас стратегиялық директоры Джейсон Квон мен Google DeepMind вице-президенті Том Людің де қатысатыны айтылған.

Америкалық Boston Dynamics компаниясының негізін қалаушы, Жасанды интеллект институтының атқарушы директоры Марк Райберт жасанды интеллект пен робототехника технологияларын біріктіру бүкіл әлем бойынша өнімділікті арттырып, адамзаттың проблемаларын шешуге мүмкіндік беретінін айтқан.

Айта кетейік, сарапшылар жасанды интеллект нарығының көлемін әртүрлі бағалауда. MarketsandMarkets-тің ең қарапайым есептеуі бойынша, 2023 жылы жаһандық AI нарығының көлемі 150,2 млрд долларды құрады. Next Move Strategy Consulting жасанды интеллектің әлемдік нарығын 200 млрд доллардан астам деп бағалайды. Ең оптимистік деректер үндінің Fortune Business Insights консалтингтік компаниясында. Оның болжамдары бойынша, AI нарығы 2023 жылғы 515,31 млрд доллардан 2030 жылға қарай 2 трлн долларға дейін өседі. Бұл ретте, сарапшылардың болжамы бойынша, орташа жылдық өсу қарқыны 21,6-дан 36,8%-ға дейін болады. Goldman Sachs мәліметтері бойынша, алдағы 10 жылда AI технологияларын қолданудан келетін экономикалық тиімділік дүние жүзінде 7 трлн долларға жетуі мүмкін.