Алаяқтар кез келген қазақстандықпен бар болғаны үш секунд бейнеқоңыраумен сөйлесcе, олардың атынан несие рәсімдеуге мүмкіндік алады. Астана полицейлері Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлады.
Полицейлердің айтуынша, сіз өзіңізді бұндай жағдайда бейтаныс нөмірлерден келген бейнеқоңырауларға жауап бермеу арқылы ғана қорғай аласыз.
«Егер сізге күдікті нөмірден қоңырау түссе, дереу «102» хабарлауыңызды сұраймыз», — деп атап өтті полиция.
Осыдан бірнеше күн бұрын Абай облыстық полиция департаментінде тұрғындарға алаяқтықтың жаңа түрі шыққаны туралы ескертілген болатын. Олардың айтуынша, алаяқтар тұрғындарға өздерін емхана қызметкерімін таныстырып, флюорография мен диспансерлеудің кезегіне тізім жасалып жатқанын айтады. Сөйлесу барысында тұрғынның емханаға келер күні мен уақытын белгілегеннен кейін, есептік жазбаға кіру нөмірін өзгерту үшін «мемлекеттік қызметтерден» келетін SMS-тегі жазбаны растауын сұрайды.
Алаяқтықтың бұдан да басқа түрлері бар. Онда қоңырау шалушы Beeline компаниясынан екенін айтып, абонентке оның ұялы нөмірін пайдалану мерзімі аяқталуға таяп қалғанын, оны жылдам шешу үшін өз қызметін ұсынады. Тіркеу онлайн жағдайында өтетінін айтып, соңында SMS-тен келген кодты қайталап жіберуін сұрайды.
Бұған дейін «Курсив» алаяқтардың қазақстандықтардың ақшасын шешіп алудың жаңа айла-тәсілін ойлап тапқанын жазған. Олар жалған сілтемелерді пайдалану арқылы азаматтардан салықтарын, айыппұлдар мен өсімпұлдарын төлеуді талап еткен.
Ал сәуір айында Facebook әлеуметтік желісінде жаңа мемлекеттік бағдарлама бойынша қазақстандықтарға берілетін төлемдер туралы жалған жарнама тараған еді. Алаяқтар ол уақытта ресейлік «Мир» телеарнасының экран сақтағышы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен әлдебір кеңестен үзінді келтіре отырып, бейнеролик таратқан.
«Курсив» сондай-ақ алаяқтардың премьер-министр Олжас Бектеновтің, бірнеше Үкімет мүшесінің жалған аккаунттарын жасап, көптеген тұрғынға Банктің шектеулеріне байланысты хабарламалар жібергенін хабарлаған болатын. Осы күні полиция қызметкерлері алаяқтардың жеке басын анықтаумен айналысып жатыр.