Атырау облысында тағы бір ауыл тұғындары су басу қаупіне байланысты көшіріліп, жарылған бөгет бекітілген

Жарияланды
Шығарушы редактор
мчс
Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысы Жалғансай ауылын су басу қаупіне байланысты, тұрғындар Махамбет ауылына көшірілді. Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтелеріп, су бөгетті жарып кеткен.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, жарылған бөгет таңға жуық бекітілген.

Қазіргі кезде бөгетті нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Эвакуациялық пунктерге 150-ден аса адам орналастырылды. Таңға қарай қауіп сейілуіне байланысты, тұрғындар өз үйлеріне оралған.

Жалғансай ауылы Махамбет ауылының аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалғансай ауылының халқы – 1286 адам. Үйлердің саны – 237.

Тұрғын үйлер мен қоғамдық нысанды су басу баспаған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта Махамбет ауданында су деңгейі – 1020 см.

Бұған дейін су тасқыны қаупіне байланысты Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындары эвакуацияланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз