Үкімет 2025 жылы отандық автоөндірушілерді қолдау үшін арнайы автокөлік лизингіне 14,6 млрд теңге бөлмек
Үкімет 2025 жылы арнайы мақсаттағы автокөлік паркін жаңарту үшін автотехника лизингіне 14,6 млрд теңге жұмсамақ. 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламада автокөлік құралдары мен арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлағалар мен жеке кәсіпкерлер қаржыландырылатыны жазылған. Бұл қаржыға отандық кәсіпорындар өндірген 150 мың автотехника сатып алынбақ.
Қаржы алдымен «Бәйтерек» ҰБХ-ға бөлінеді. Қаражатты холдинг «Өндірісті дамыту қорына» несиеге береді. Қор лизингке автокөлік пен арнайы автотехника алатын кәсіпкерлерді қаржыландырады.
Бюджеттік бағдарлама «Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдары мен арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді лизингтік қаржыландыру үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға кейіннен кредит бере отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға кредит беру» деп аталады.
Жалпы бағдарлама 3 жылға жоспарланған. Бірақ құжатта тек 2023 жылы мен 2025 жылы бөлінетін қаржы көлемі көрсетілген. Былтыр лизингке 14,4 млрд теңге қарастырлса, 2025 жылы 16,4 млрд теңге жұмсалмақ. 2023 жылы осы қаржыға 150 мың автотехника сатып алынған болуы керек. Ал 2025 жылы дәл осы 150 мың автотехниканы сатып алуға жұмсалатын қаржы көбейіп, 16,4 млрд теңгені құрайды.
2026-2027 жылдары бөлінетін қаржы жазылатын баған толтырылмаған. Бағдарламаның мақсаты – отандық автоөндірушілерді қолдау және машина жасау саласын дамыту аясында жобаларды лизингтік қаржыландыру деп көрсетілген.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» 2020 жылы Индустриялық даму және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының жұмыс істеп тұрған қаржы операторы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ негізінде құрылған.
Ол «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы және «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді. Оның қызметі қаражат, оның ішінде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде жиналатын қаражат есебінен 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша серпінді өңдеуші кәсіпорындарға қолжетімді кредит беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталмыш қор 4 пайызбен автонесие беру бағдарламасының операторы болды. Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2022 жылдың мамырында басталған еді. Алайда қазіргі кезде автонесие қаражаты қоғамдық көлік алуға жұмсалып жатыр.