3,8 пайыз: ЕАЭО елдері арасында Қазақстанның ЖІӨ өсімі ең төмен
Қазақстан 2024 жылғы қаңтар-наурыз айында ЕАЭО елдері арасында ЖІӨ өсімі бойынша ең төмен нәтиже көрсеткен Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
Сонымен қатар өнеркәсіп өндірісі өсімі де нашар. Бұл көрсеткіш 3,8% шамасында. Ал Арменияда өнеркәсіп өндірісі 30,4% өсім көрсетсе, Беларусь- 6,5%, Ресейде – 5,6%, Қырғызстанда – 4,5%-ға тең.
Сонымен қатар ЕАЭО елдері арасында Қазақстан бөлшек сауда айналымы бойынша ең нашар нәтиже көрсеткен. Бір жылдағы өсім – 4,9%.
- Ең жоғарғы өсім Қырғызстанға тиесілі – 17,4%;
- Беларусь – 13,1%;
- Ресейде – 10,5%-ға;
- Арменияда – 5,4%-ға өскен.
Есесіне Қазақстанда тұтыну бағалары индексінің өсімі жоғарылап, 9,1%-ға жеткен. Одан кейінгі орындарда Ресей (7,7%), Беларусь (5,6%), Қырғызстан (5,2%), Армения (-1,2%) тұр.
Қазақстанның ЖІӨ өсімі осы кезеңде 3,8 пайыз шамасында. Бұл көрсеткіш Армения (8,7%) мен Қырғызстанға (6,2%) қарағанда төмен болғанымен, Беларусь (3,9%) пен Ресейдегіден (3,6%) жоғары.
Қазақстан сондай-ақ, жұмыспен қамту қызметтерінде де жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген елдер қатарына еніп отыр. Ондағы өсім- 10,6%. Басқа елдерде, бұл меже айтарлықтай төмен. Жалпы, жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан Армениядан кейінгі екінші орында 294 мың адам (жалпы халықтың 3,4%).
Қазақстан басқа салаларда қандай нәтижелер көрсетті:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру – 1,6%, Беларусьтен (6,8%) және Армениядан (4,5%) кейінгі үшінші нәтиже;
- құрылыс жұмыстарының көлемі – 15,9%, Қырғызстаннан кейінгі екінші нәтиже (33,8%);
- тұрғын үйді пайдалануға беру – 2,6%, Армения (93,5%) мен Қырғызстаннан (54,6%)кейінгі үшінші нәтиже;
- жүк айналымы — 2,9%, Қырғызстаннан (10,3%), Беларусь (3,1%), Ресейде (0,8%) болып тіркелген. Бұл салада Қазақстан төртінші нәтиже көрсетіп отыр;
- жолаушылар айналымы – 8,8%, бүл Ресейден кейінгі екінші нәтиже (9,9%).
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында ЕАЭО жалпы өнеркәсіптік өндірісінің 87,5%-ы – Ресейге, 7,3%-ы – Қазақстанға, 4,3%-ы – Беларуське, 0,5%-ы – Армения мен 0,4%-ы Қырғызстанға тиесілі болған.
ЕАЭО елдері арасында азық-түлікке ең көп ақша жұмсайтын – Қазақстан халқы.