Қазақстандық банктер экономикалық тәуекелдерге дайын ба?

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстандық банктер
Қазақстандық банктердегі (11) базалық капитал деңгейі 13,9%-ды құрайды / Фото: shutterstock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктердің 2023 жылғы қадағалау стресс-тестісінің есебін» жариялады. Есеп елдің банк секторының жалпы активтері мен кредиттік портфельдерінің сәйкесінше 84%-ын және 85%-ын құрайтын 11 банк бойынша жүргізілді.

Қазақстандық 11 ірі банктің базалық капиталының деңгейі 13,9%-ды құрайды. Бұл реттеуші минимум 5,5%-дан әлдеқайда жоғары.

«Ескеп негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде тәуекелдердің әсерін бағалау арқылы жазылған», – деп жазылған зерттеуде.

Тәуекелдер сценарийде бірнеше жағдай әсерінен туындайтын әлемдік экономикадағы терең және ұзаққа созылған рецессия болжанған.

Атап айтқанда:

  • дамыған елдерде жоғары инфляция мен пайыздық мөлшерлемелердің сақталуы;
  • дамыған елдердегі банк дағдарысы және оның экономиканың нақты секторына жағымсыз әсері;
  • Ресейге қарсы санкцияларды одан әрі қатаңдату және үшінші елдерге қатысты қайталама санкцияларды енгізу;
  • Еуропа елдеріндегі энергетикалық дағдарыс. Аталған тәуекелдердің іске асуы экономикалық жағдайды нашарлатады, жеткізілім тізбегінде қиыншылықтар тудырады, іскерлік белсенділікті төмендетеді, нарықтардағы құбылмалылықты арттырады және инфляцияның өсуіне ықпал етуі мүмкін.

«Осы жағдайларды ескергенде жетекші қазақстандық банктердің ықтимал экономикалық тәуекелдерге жоғары тұрақтылығы расталап отыр», – деп жазылған зерттеуде.

Еске сала кетсек, президенттің елге үш шетелдік банк келуі керек деген мәлімдемесінен кейін бұл сауал нарық ойыншылары арасында қызу талқылана бастады.

Ал сарапшылар Қазақстанға жаңа банктердің келуіне байланысты асқан сақтықпен пікір айтады. Олардың пікірінше, бөлшек несиелеу нарығындағы қажеттілікті қазір жұмыс істеп тұрған қаржы институттары қамтамасыз етіп отыр. Ал ірі жобалармен кез келген ауқымды банк елге келмей ақ жұмыс істей алады. Қазақстанның банктердің жоғарғы деңгейлі табысына салық салуы да жаңа ойыншылардың біздің нарыққа келуге қатысты шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз