Женни Ерпенбек халықаралық жүлдені жеңіп алған алғашқы неміс жазушысы болып отыр. «Букер» жүлдесі жазушыға «Кайрос» кітабы үшін берілді. Туындыны неміс тілінен Макл Хофманн аударған.
Кітап 1986 жылғы Берлиндегі махаббат оқиғасына негізделген. Романның басты кейіпкері – жас қыз. Қоғамдық автобуста отбасылы, жасы үлкен еркекті жолықтырады. Екеуінің арасында махаббат оты тұтанып, екі ғашық көптеген өткелден өтеді. Қыз алдануы үшін басқа жігіттермен кездеседі, бұдан олардың қарым-қатынасы Шығыс Германияның құлдырауы сияқты шытынап кетеді.
Ерпенбек бұл туындыны «Махаббат кезеңдерін баяндайтын жеке оқиға, бірақ түгел бір саяси жүйенің де құлдырау тарихы» деп сипаттайды. Қысқаша айтқанда, оқиға басында дұрыс көрінген дүниенің оқиға аяқталғанда қалайша дұрыс емес көрінеді деген сұраққа жауап іздейтіндей.
«Өзім жазушылар отбасынан шықтым. Атам да, әжем де – жазушылар. Әкем көркем шығармалар жазумен айналысқан, анам араб тілінен неміс тіліне аудармашы болып қызмет еткен. Нобель сыйлығының лауреаттарының туындыларын тәржімалаған», – дейді Эренбек.
Кітап алты тілдегі алты кітап ішінен таңдалды. Биылғы байқауға голланд, неміс, корей, португал, испан мен швед тілдеріндегі кітаптар ұсынылған. Ал жазушылар Аргентина, Бразилия, Германия; Нидерланд, Оңтүстік Корея мен Швециядан.
«Анамның да, әкемнің да туыстары жазатын. Енді мен де осы жерде тұрмын, бұл мен үшін үлкен мәртебе», – деді жазушы марапаттау рәсімінде.
«Бір нәрсенің соңғы бөлшегі болу, өзіңді қосымша ретінде сезіну біртүрлі қызық екен. Бірақ аударма саласы да өзінше ерекше жұмыс. Шығарманы мейлінше тез әрі дәл аударудың өзіндік рахаты бар», – деді аудармашы Майкл Хофманн. Осы ретте ол алғашқы ер аудармашы ретінде жүлдеге ие болып отырғанын айта кеткен жөн.
Марапаттау салтанаты Лондондағы «Тейт Модернде» өтті. Қазылар алқасының төрайымы Элеонора Уактель жеңімпаз атын жариялап, 50 мың фунт стерлиң көлеміндегі сыйды табыстады. Бұл ақшалай сыйлықты аудармашы мен автор теңдей бөліп алады.
«Кайросты» ерекшелендірген нәрсе – оның әдемі, бірақ ыңғайсыз, жеке бірақ саяси оқиғасы”, – деді Уактель баспасөз жиынында. «Ерпенберк ұрпақ тәрбиелейтін саяси реформалар мен жігер, тағдырды сынайтын, өмірді талқан ететін махаббат оқиғасы арасындағы байланысты көруге шақырады. Германия Демократив Республикасы сияқты барлығы оптимизм мен сенімнен басталады, бірақ соңы жақсылықпен аяқталмайды», – деп түйіндейді байқау төрайымы.
«Букер» сыйлығы – аудармашылардың да еңбегін ескеретін аз байқаулардың бірі. Уактельдің айтуынша, Майкл Хофманның аудармасы Ерпенбектің сөз саптауын, ерекше стилін дәл жеткізе алған. Жазушының сөйлемдер ритмі мен эмоцияны әсем суреттеу шеберлігін де ағылшын тілді оқырманға көрсете алған.
Биылғы байқауға төрелік еткендер қатарында ақын Натали Диаз, «Букер» сыйлығының қысқа тізіміне енген романист Ромеш Гунесекера, суретші Уилиам Кентридж бен жазушы, редактор, аудармашы Аарон Робертсон бар.
Былтыр бұл сыйлықты Георги Господиновқа «Уақыт панасы» кітабы үшін табыстаған болатын. Туынды альцхеймер дертіне шалдыққан науқастардың бөлмесінде арнайы онжылдықтарды қолдан жасаған психиатр туралы. Бұл онжылдықтар күнделікті күйбеңнен қашқан қарапайым адамдарға да панаға айналады.