Hyundai, Toyota, Kia бөлшектерінен ақау табылған 266 074 автокөлікті қайтарып алады

Жарияланды (жаңартылды )
Оңтүстік Кореяға 266 074 автокөлік қайтарылады / kursiv.media

Оңтүстік Кореяның автоөндіріс компаниялары шығынға батты. Hyundai, Toyota, Kia, Renault и Volkswagen 12 модель түрі бойынша шығарылған 266 074  автокөлікті кері қайтаруды сұрап отыр. Бұл жайында Yonhap басылымы хабарлады.

Алпауыт өндіріс орындары мұндай шешім қабылдаудың негізгі себептерін атады.  

Мәселен, Hyundai Genesis көлігіндегі гидроэлектрондық басқару блогы мен Kia Carnival микроавтобусындағы май сүзгі жүйесінен ақау анықталды.

Toyota компаниясының Lexus LS500h көлігіндегі алдыңғы жолаушы орындығы оңтайлы болмай шықты. Volkswagen ID.4 электромобиліндегі алдыңғы орындықтардың жиналуы да қолайсыз екені белгілі болды.

«Курсив» жыл басында автонарыққа шолу жасады. TOYOTA, VW, Renault, Nissan және басқа да ресейлік өндірістің жеткізілімдері тоқтағаннан кейін, Қазақстанның авто нарығындағы республикалық және өңірлік ойыншылар Қытайдан импорттық автомобильдерді жеткізу есебінен брендтер портфелін қалыптастыра бастады.

Елімізде құрастырылып шығарған көліктердің көшін Hyundai, Chevrolet, Kia, Jac және Jetour бастайды. Байқағанымыздай көп құрастырылатын көліктер рейтингінде қытайлық маркалардың бәсі биіктей бастаған.

Қазақстан автомобиль одағының өкілі Қайрат Еламановтың биыл құны 164 млрд теңге болатын қытайлық Chery, Haval және Changan брендтерін өндірумен айналысатын Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының құрылысы басталатанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз