2023 жылы маркетплейстерді ескергендегі бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық коммерция үлесі 12,7%, ақшалай 2 439,8 млрд теңгені құрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша маркетплейс платформасы арқылы айналым 1 767,6 млрд теңгені (72,4%), жеке интернет-ресурсы бар бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы айналым 672,2 млрд теңгені (27,6%) құрады.
Бөлшек сауда бойынша электронды коммерция платформасын (маркетплейс) пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 79,7%-ға жетті. Тауарлар мен қызметтерді меншікті интернет-ресурс арқылы өткізетіндер – 30,3%. Оның ішінде 10% бөлшек электрондық коммерцияны (маркетплейс және меншікті интернет-ресурс арқылы) жүзеге асырады.
Телефондар мен гаджеттер маркетплейстерде сатылған тауарлардың ең көп үлесін алады – 27,5%. Одан кейін тұрмыстық техника – 11,6%, компьютерлік тауарлар мен бағдарламалық қамтамасыз ету – 10,1% және автокөлік тауарлары – 7,9%.
Маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес көлік орындарын брондау қызметтеріне – 38%, жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне – 37,4%, басқа топтарға кірмейтін өзге де қызметтерге – 14,5% тиесілі. Бөлшек тауарлар үшін орташа чек – 14 823, көрсетілген қызметтер үшін 2 553 теңгені құрады.
Тауарлар мен көрсетілген қызметтер ақысын төлеу тәсілдерінің ішінде ең қолайлысы дебеттік карта немесе электрондық банк аударымы (32,1%), қолма-қол төлеу (24,1%), интернет арқылы несие картасымен төлеу (22,2%), онлайн төлем жасау (13,5%), ұялы телефон (4,9%), сыйлық картасымен төлеу немесе бонустар немесе купондар бағдарламасының «ұпайлары» онлайн ваучері (3,2%) арқылы өтеу болды.
Тауарлардың жартысына жуығы (49,9%) сатып алушыға пошта қызметтері немесе басқа жеткізу әдістерін қолдана отырып жеткізілді. 31,5%-ын клиенттің өзі алып кетті, ал қалған 18,6%-ы веб-сайттан онлайн жеткізу қызметі немесе қолданба арқылы жетті.
Бөлшек электронды коммерция
PwC Қазақстан және Цифрлы Қазақстан қауымдастығы бірлесіп, 2023 жылдың 12 айын қорытындылаған «Бөлшек электронды коммерция нарығына талдау» атты зерттеудің нәтижелерін жария етті. Деректер талдауын қатарына деректер аналитиктері, дата-инженерлер мен индустриалды экспертиза консультанттары кіретін Data & Analytics командасы жүргізген.
Зерттеуге Kaspi.kz, Halyk Market, Forte Market и басқа да респонденттер қатысқан. Strategy& серіктесі және Еуразия өңіріндегі консультациялық практика көшбасшысы Наталья Лимнің айтуынша, бөлшек электронды коммерция нарығы осыдан екі жыл бұрын туындаған қиын ахуалдардың салдарын жеңе алды.
Қазіргі уақытта сектордағы табыстың жалпы көлемі 2,4 трлн теңгеге жетіп отыр. Ал электронды коммерцияның нарыққа кірігуі 12,6 пайызды құраған.