Жаңалықтар

Қазақстанда кейбір мұнай-газ кен орындары бойынша пайдалану құқығын алуға арналған аукцион өткізілмейді

Электронды аукцион өткізілмейді / фото: Курсив

Қазақстанда мұнай және газ кен орындарын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукцион өткізілмейді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

«2024 жылғы 31 мамырда  жарияланған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукцион кейбір учаскелерде өткізілмейді», – деп жазылған ведомство таратқан құжатта.

Онда мынадай учаскелердің тізімі берілген:

  • Атырау, Ақтөбе облыстарындағы Қарасу жер қойнауы учаскесі бойынша, №308250;
  • Атырау, Батыс Қазақстан облыстарындағы Жасқайрат жер қойнауы учаскесі бойынша, № 308248;
  • Батыс Қазақстан облысындағы Майлыкөл жер қойнауы учаскесі бойынша, №308247;
  • Ақтөбе облысындағы Сарыбұлақ жер қойнауы учаскесі бойынша, №308246;
  • Ақтөбе облысындағы Сарыхобда жер қойнауы учаскесі бойынша, №308234;
  • Ақтөбе облысындағы Алтықарасу жер қойнауы учаскесі бойынша, №308245;
  • Ақтөбе облысындағы Жарлы жер қойнауы учаскесі бойынша, №308244;
  • Маңғыстау облысындағы Жәңгүрші жер қойнауы учаскесі бойынша,
    № 308243;
  • Ақтөбе облысындағы Сарлы Оңтүстік қанат жер қойнауы учаскесі бойынша, №308242;
  • Ақтөбе облысындағы Сарлы Солтүстік қанат жер қойнауы учаскесі бойынша, №308241;
  • Атырау және Маңғыстау облыстарындағы Равнинное жер қойнауы учаскесі бойынша, № 308238;
  • Атырау облысындағы Құлсары жер қойнауы учаскесі бойынша, №308249;
  • Ақтөбе облысындағы ІІ Батыс Жарқамыс жер қойнауы учаскесі бойынша, №308253;
  • Атырау, Ақтөбе облыстарындағы Жұбантам-Жосалысай жер қойнауы учаскесі.

Еске сала кетейік, ең соңғы электронды аукцион 2023 жылы 14 желтоқсанда өткізілген.

Ол кезде өткен аукционға Тамды -2, Көкпекті, Бестақыр, Бажыр, Сараның биі, Батыс Ұлытау, Оңтүстік Тамды, Солтүстік Жамансу, Каменковский, Тюбеджик, Шыңғыс-Телсу, Егізқара, Оңтүстік Кеңдала, Солтүстік Кеңдала сынды 18 жер қойнауын пайдаланушылар қатысқан еді.

«Аукционға қатысу жарнасы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді. Ол «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 95-бабының 6-тармағына сәйкес қайтарылмайды», – деп ескертілген ресми құжатта.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша қол қою бонусының жалпы соңғы сомасы 48,5 млрд теңгені құрады. Бұл бастапқы бағадан 38 есе көп.

Ең қымбат лот – Дощан кен орны, ол үшін жеңімпаз 34,5 млрд теңге ұсынды.