Су мөлшерінің артуынан Атырауға жақын «Соколок» каналы бойындағы бөгет бұзылды

Жарияланды
прорыв
«Соколок» каналы маңындағы бөгет жарылды / Коллаж: kursiv.media (instagram.com/nurlan_zhunasov), бильд-редактор: Денис Андреев

Жиналған су мөлшері шекті деңгейден асып кетіп және соққан жел екпінінің қатты болуынан «Соколок» каналы бойындағы бөгет бұзылды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Жұманғазиев мәлімдеді.

«Соколок» су арнасы екі бөліктен тұрады. Биылғы қарғын судың негізгі бөлігі жаңадан тұрғызылған бөлігінде жиналған. Дәл қазір уақытта каналдың беріктігін қамтамасыз ету, әрі нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді ол.

«Соколок» су қоймасы – Жайық өзенінің Атырау қаласына қарай ағатын мол суды сейілту үшін тұрғызылған нысан. Су арнасы Жайық өзені мен Каспий теңізінің аралығын жалғап жатыр.

Бұған дейін ТЖД Атырау облысында төтенше жағдай әлі де сақталып тұрғанын хабарлаған болатын. Су тасқыны қаупіне байланысты кейбір бағыттар бойынша күрежолдар уақытша жабылған.

«Құтқарушылар облыс тұрғындарынан жолға шықпауды сұрайды. Бұл, әсіресе, Махамбет және Индер аудандарын жалғаған автомобиль жолдарына қатысты, жолдың ол бөліктерінде су басу қауіпі әлі де сақталып отыр», — делінген хабарламада.

Жуырда Жайық өзені жағалауындағы су деңгейінің тез көтерілуіне байланысты Атырау облысының Жалғансай ауылының тұрғындары түннің бір жарымында эвакуацияланған болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз