АҚШ Ethereum криптовалютасы үшін биржалық сауда қорларын іске қосуды мақұлдады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
АҚШ Ethereum үшін биржалық сауда қорын қосуды мақұлдады / архив kursiv.media

АҚШ Бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі комитеті 8 компания үшін Ethereum криптовалютасын биржалық саудаға шығаруға рұқсат берді. Қазір осы криптовалюта бағамы өсе бастады.

Reuters ақпаратына сүйенсек, Комиссия Ethereum криптовалютасын капиталдандыру бойынша екінші орында тұрған спот-биржалық қорларды іске қосуды және олардың қағаздарын NASDAQ, NYSE және CME биржаларында жариялауды ресми түрде мақұлдады.

Осыған дейін АҚШ-та биткоинге арналған ETF-тердің іске қосылуы нарыққа капитал ағынын тудырды.  2024 жылы криптовалюта бағасының өсуінің негізгі катализаторлары болды. 

2023 жылдан бері BlackRock және Fidelity сынды криптовалюта нарығында танымал компаниялар биржалық сауда-саттық қорларының мақұлдауын күткен. Бұл олардың құнды қағаздары бағасының өсуіне сеп болады деген сенім болған. Комиссия шешімінен кейін Ethereum бағасы 3800 долларға дейін көтерілген. 

Сарапшылардың бағалауы бойынша, жаңа ETF акцияларының биржаға шығуы үшін тағы бірнеше апта қажет болады. Кейбір компаниялар дереу комиссияның қарауына жаңартылған құжаттарды тапсырып үлгерген. 

Комиссия ұзақ уақыт бойы эмитенттердің өтінімдерін қарауды кейінге қалдырды. Бірақ 20 мамырда шешімін күрт өзгертіп, нәтижесінде ETF  курсы 20% өсті.

Айта кетейік, 2024 жылдың 27 ақпанында биржада биткоин құны 3,6%-ға өсіп, 56,422 мың долларды құрады. Техникалық талдау тұрғысынан биткоин бағасы 58 400 долларға өсіп, содан кейін 62 000 долларға жетуі мүмкін деген болжам болған.

Биткоин бағасы қаңтар айының ортасынан бері өсті. Бұған дейін осы деңгейден жоғары криптовалюта саудасы 12 қаңтарда тіркелген еді. Қаңтардағы ең жоғары көрсеткіш – 48,9 мың долларға жеткеннен кейін, танымал криптовалюта шамамен 20%-ға арзандады.

Кейін баға құбылып, 42-43 мың доллар аралығында қалыптасқан. 2024 жылғы 4 ақпандағы сауда да биткоинның орташа бағасы 46 719 долларды құрады.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының (SEC) Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) аккаунтын бұзып, биткоинға тікелей инвестиция салуға болатын ETF-тің қосылатыны туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, былтыр кіші валюталар әсерінен крипто нарығындағы биткоиннің үлесі 50% төмендеді деп хабарладық. 

Сондай-ақ оқыңыз