Жаңалықтар

Қазақстан алдағы екі жылда құс еті өндірісін екі есеге жуық арттырып, экспортқа шығарады

Құс еті өндірісін арттыру мақсатында 4 ірі жоба жүзеге асырылмақ / Фото: shutterstock

Қазақстанда құс еті өндірісі артады. Бұл мақсатта 4 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Олар жылына қосымша 200 мың тонна тауық етін өндіреді. Бұл елдегі құс етіне деген қажеттілікті өтеп, экспортқа шығаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

«Қазақстанның Даму банкі арқылы 285 млрд теңгені құрайтын 14 жобаны қаржыландыру әзірге басталған жоқ. Бұл ретте ҚДБ-ның құс шаруашылығы бассейні құс фабрикаларының қуатын кеңейту бойынша 4 ірі жобаны қамтиды, бұл жобалар жалпы алғанда елімізге жылына 200 мың тоннаға жуық қосымша тауық етін береді», – деп жазылған хабарламада.

Атап айтқанда, Алматы облысындағы «Прима құс» ЖШС (3 кезең жылына 35 мың тонна), «AITAS KZ» АҚ жылына 120 мың тонна, Жамбыл қаласындағы «Алел Агро» АҚ 25 мың тонна және Ақмоладағы «Canadian Chicken Limited» жеке компаниясы жылына 12,5 мың тонна өндірмек. Бұл жобаларды іске асыру мерзімі 2025-2026 жылдарға жоспарланған. 

Қазақстанда құс етін өндірудің жалпы көлемі жылына 328 мың тонна болса, қосымша 200 мың тонна елге осы өнімге импорттық тәуелділіктен құтылып, экспортқа шығуға мүмкіндік береді.

Halyk Bank-те жалпы сомасы 78,5 млрд теңге болатын 34 жобаның пулы бар. Қазірдің өзінде 1,4 млрд теңгеге 3 жоба қаржыландырылған. Құны 11 млрд теңге болатын тағы 5 жоба мақұлданды. Қалғандары бойынша құжаттар жиналуда. 

Еске сала кетсек, соңғы жылдары құс еті қымбаттай бастады. Сонымен қатар былтыр Ресейде тапшылық болғаны белгілі.