Сарапшылар жұмыс киімін өндіретін Lakeland акциялары дұрыс бағаланбады деп санайды

Жарияланды

Сарапшылар Lakeland арнайы киім өндірушісіне сенеді\Фото: Lakeland

Lakeland Industries акцияларының әділ құны, Simply Wall st сарапшыларының пікірінше, сауда соңғы жабылған кезден 80%-ға артық болуы тиіс. Бір күн бұрын Zacks Lakeland Industries акцияларын «трендтегі» инвесторлар үшін тамаша таңдау деп атады.

Толығырақ

Америкалық арнайы жұмыс киімін өндіруші Lakeland Industries акцияларының әділ құны 31,46 долларды құрайды деп есептейді Simply Wall St сарапшылары. Бұл – компанияның құнды қағаздары 24 мамырда, жұма күні сатылған деңгейден 80%-ға жоғары. Соңғы жарты жылда Lakeland-тың нарықтағы құны шамамен 24%-ға өсті.

Оның акциялары 52 апта бойы ең жоғарғы және ең төменгі диапазонда, 92,7% деңгейде саудаланды, бұл алда айрықша серпіліс болуы мүмкін екенін көрсетеді деп жазады басқа компанияның — Zacks-тың сарапшылары. 23 мамыр күнгі шолуда олар Lakeland Industries-ті «трендтегі» инвесторлар үшін тамаша таңдау деп атады.

Сарапшылар қалай есептеді?

Simply Wall St Lakeland Industries акцияларының әділ құнын ақша ағынын дисконттау моделі бойынша есептеп шығарды. Онда бағалаудың екі сатылы моделі қолданылады: бірінші кезең — бұл компанияның өсу қарқыны екінші кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болатын алдағы 10 жыл, ал келесі кезең тұрақты өсуді қамтиды. Сарапшылардың пікірінше, акциялардың $31,46  деген бағасы екінші кезеңге жатады, яғни кем дегенде 10 жылдан кейінгі мерзім туралы сөз болып отыр.

Есептеулер саланың циклдік сипатын немесе компанияның капиталға деген қажеттілігін ескермейді деп ескертеді Simply Wall St. Әзірге компанияның кірісі оның нарықтағы орташа көрсеткішінен тез өсуде дейді сарапшылар. Lakeland келесі аптада 30 сәуірде аяқталған 2025 қаржы жылының бірінші тоқсанындағы нәтижелерін жариялайды. 2024 қаржы жылы үшін есеп бере отырып, компания таза кірістің 10,5%-ға, $124,7 млн-ға дейін өскенін хабарлады. Ал оның 2025 қаржы жылына қатысты болжамы — $140-150 млн.

Соңғы апталарда Lakeland акцияларының бағасы өсе түсті, демек инвесторлар компанияның өсу мүмкіндігі үшін көбірек төлеуге дайын деп жазады Zacks сарапшылары. Олар компанияның құнды қағаздарын «мықты сатып алу» деп атайды. Бұл брокерлердің Lakeland-тың жақын болашақтағы даму динамикасына оптимистік көзқараспен қарайтынын білдіреді дейді олар.

Компания несімен танымал?

Lakeland қорғаныс киімдерін, аксессуарларын өндіреді және әлемнің 50 елінде жеке сату бөлімдері мен 2000-нан астам дистрибьюторлары арқылы өнімдерін сатады деп хабарлайды компания. Оны сатып алушылар – мұнай, химия, автомобиль, көлік, болат өнеркәсібі, фармацевтика және жоғары технологиялық өндіріс саласындағы кәсіпорындар және зертханалар мен коммуналдық қызмет орындары. Оның өнімдерін өрт сөндіру және құтқару қызметтері, құқық қорғау органдары, АҚШ Қорғаныс Министрлігі және науқастарды бақылау орталықтары пайдаланады.

Басқа сарапшылар не дейді?

MarketWatch мәліметтері бойынша, компанияның құнды қағаз динамикасын екі талдаушы бақылауда. Олар сатып алуды ұсынады, орташа мақсатты баға – $21,5. Бұл оның қағаздарының құны 24 мамырда сауда жабылғанда шамамен 24%-ға өсуі мүмкін екенін білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыз