Ақмола облысы Аршалы ауданы Сарыоба станциясында жүк пойызына тіркелген цистернадан тұз қышқылы төгілді. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД хабарлады.
Химиялық зат цистернада бұрыннан болған жырықтан төгілген. Қауіпті зат салынған цистерна негізгі вагондардын бөлініп, қауіпсіз жерге қойылды», – делінген хабарламада.
ТЖД мәліметіне қарағанда, дәл қазір адам өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай толықтай бақылауда.
2023 жылы Екібастұз-2 теміржол станциясында құтқарушылар күкірт қышқылы бар цистернадан ағып жатқанын анықталған. Бұл вагондар түскеннен кейін болды. Тасымалданатын жүктің жалпы көлемі 78,3 тоннаны (екі вагон) құрады.