Жаңалықтар

Малайзиялық компания Қазақстанға алтын сауда аппараттарын алып келеді

Малайзиялық компания алтын аппараттарын әкеледі / Фото: wikimedia commons, бильд-редактор: Денис Андреев

Малайзиялық алтын өндіруші Public Gold Group Қазақстанмен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және ынтымақтастық туралы келісімге келді. Бұл туралы «Курсивтің» ресми сауалына жауап берген «Самұрық-Қазына» қоры хабарлады.

Компания алтын бұйымдарды, құймаларды, монеталарды (Gold ATM) сату бойынша сауда аппараттарын пайдалану арқылы бөлшек бизнесті дамыту бойынша өз тәжірибесімен бөлісуді жоспарлаған.

Он жетінші мамырда «Самұрық-Қазына» және малайзиялық Public Gold Group Қазақстан-Малайзия инвестициялық дөңгелек үстелі барысында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат шеңберінде бірлескен инвестициялық жобаларды пысықтау жоспарланған. 

Сондай-ақ малайзиялық компаниялардың қазақстандық тараптың бизнес-ұсыныстарына қызығушылығы басым. Ұлттық қор алтын өндіруді дамытуға және басқа да перспективалы бағыттарға инвестиция салуды жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Ынтымақтастықты дамыту мақсатында практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ Public Gold Group Sdn компаниясының алтын бұйымдарын, құймаларды, монеталарды (Gold ATM) сату аппараттарын пайдалану арқылы бөлшек бизнесті дамыту тәжірибесін ұсынады. Инвестициялар сомасы мен нақты шарттар тараптар таңдаған бірлескен жобаларға байланысты болады», – деп түсіндірді «Самұрық-Қазына».

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы («Самұрық-Қазынаның» еншілес ұйымы) Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қаражатына Арал өңіріндегі тұзды көлдердің суында литийдің бар-жоғын анықтау үшін зерттеу жүргізеді. Бұл туралы компанияның кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бас директоры Нариман Әбсаметов мәлімдеді.

Әбсаметов компанияны қызықтыратын негізгі металл ретінде алтынды атады. Бұл Астанада алтын өңдейтін «Тау-Кен Алтын» атты еншілес кәсіпорынның болуымен байланысты. 2013 жылы іске қосылған зауыттың бастапқы жобалық қуаты 25 тонна алтын және 50 тонна күміс болатын. Зауыт бұл үдеден 2019 жылы шығып, одан кейін жыл сайын жобалық қуатын асырып, 2022 жылы «Тау-Кен Алтын» 55,6 тонна алтын тазартты.