Еуразиялық Экономикалық Одақ бюджеттің орындалуы мен мемлекеттік қарыз есебіне қатысты бірінші тоқсандағы көрсеткішті ұсынды.
2024 жылдың бірінші тоқсанында қалыптасқан республикалық бюджет есебі бойынша Қырғызстанда ғана өсім бар. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, Арменияда бюджет тапшылығына жол бергені мәлім болды. Қазақстанда бюджет тапшылығы 24,2%-ға өсті, ал Ресейде ол 85,8%-ға күрт қысқарды (1,8 трлн рубль шамасында).
Республикалық бюджет көрсеткіштерінің өсу қарқыны сәйкес кезеңмен салыстырғанда көп бағытты динамикаға ұласты. Ең маңызды бюджеттік өзгерістер Ресейде байқалды. РФ-ның федералды бюджеттің кірістері 53,6%-ға өсті. Бұған негізінен өткен жылдың басындағы төмен база әсер етуде.
Республикалық бюджет кірістерінің құрылымында басым үлесті қосылған құн салығы (27% – 47%) және басқа да түсімдер (31% – 54%) құрайды. Армениядағы табыс салығының, Қырғызстанда қосымша құн салығы үлесінің өскені байқалады. Демпферлік құрамдас бөлігі бар мұнай шикізатына арналған кері акциздердің салдарынан Ресейде акциздер теріс мәнге ие болды
Армения, Қазақстан және Қырғызстан әлеуметтік саланы қаржыландыруға және жалпұлттық іс-шараларды өткізуге республикалық бюджет қаражатын шығындаған. 2023 жылдың алғашқы тоқсан есебімен салыстырғанда, әлеуметтік саланы қаржыландыру азайды.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ұлттық валютадағы мемлекеттік қарыз өсті. Арменияда – 13,1%-ға, Қазақстанда – 3,2%-ға, Қырғызстанда – 13,7%-ға, Ресейде – 10,3%-ға. Армения мен Қырғызстанда сыртқы мемлекеттік қарыз, ал Қазақстан мен Ресейде ішкі қарыз көбейді
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз (АҚШ долларымен) Арменияда (0,5%-ға) және Қырғызстанда (1,3%-ға) өсті, Қазақстанда (9,9%-ға) және Ресейде (6,8%-ға) төмендеді.
Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасына сай 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өндірісі бойынша ең төменгі өсім көрсеткен. Өнеркәсіп саласы екі айда 4,6% өскен.
Ең жоғары көрсеткіш Армения (28,9%), Қырғызстан (7,8%), Беларусь (7,1%), Ресей (6,6%) мемлекетінде тіркелген.