Қазақстанда темекі өнімдері қымбаттайды

Жарияланды (жаңартылды )
1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды / Фото: kursiv.media архивінен

Қазақстанда темекі өнімдері қымбаттайды. Қаржы министрі осыған байланысты бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталына жариялады. Онда 1 шілдеден бастап темекі бағасын өсіру ұсынылған.

«20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

  1. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін сегіз жүз жиырма теңге;
  1. 2025 жылғы 1 қаңтардан сегіз жүз жетпіс теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін», делінген бұйрық жобасында.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Жаңа заңда жастардың құрамында никотині бар заттарды тұтуына тыйым салу, оған тосқауыл қою мәселесі де қамтылды. Шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз