Жаңалықтар

Рафах қаласына шабуылдан кейін, Еуроодақ Израильмен қарым-қатынасын қайта қарамақ

Фото: shutterstock.com

Израильдің Рафах қаласына шабуылдан кейін, Еуроодақ бұл мемлекетпен қарым-қатынасын қайта қарауға шешім қабылдады. Рафах қаласында босқындар зардап шеккен. Бұл туралы euronews хабарлайды.

ЕО-ның Израильмен серіктестік туралы келісімі қос тарапты адам құқықтарын сақтауға міндеттейді. Ирландия мен Испания Израиль Газадағы әрекеттерімен оны бұзып отыр деп тұжырымдайды.

Израиль армиясы Газа секторының босқындар паналаған аймақтарын атқылап жатқан кезде, Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде жиналды.

Бір күн бұрын Халықаралық сот Израильдің Рафахтағы әскери шабуылын дереу тоқтатуы керек деп шешкен. Бұл үндеуге Сауд Арабиясы, Иордания, Қатар, Египет және Біріккен Араб Әмірліктері қосылды.

ЕО сыртқы және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл:

«40-тан астам адам қаза тапты. Басым бөлігі – балалар. Бұл қайғылы оқиға бәрімізді де үрейлендірді. Халықаралық сот – Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі органы. БҰҰ-ның бүкіл мүшелері оның шешімдерін орындауға міндетті. Еуроодақ Екінші дүниежүзілік соғыс қирандыларының үстінен тұрғызылды. Ол әрқашан Халықаралық соттың шешуші жақстасы болды», – деді.


ЕО-ның Израильмен Қауымдастық туралы келісімі қос тарапты да адам құқықтары құндылықтарын құрметтеуге заңды түрде міндеттейді.

Бұл ретте Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Рафах лагеріне жасалған әуе соққысын қайғына әкеп соққан «үлкен қателік» деп атады.

«Соғысқа қатысы жоқ адамдарға зиян тигізбеу үшін бар күш-жігерімізді салғанымызбен, өкінішке орай, қайғылы қателік орын алды. Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз», – деді ол.

Газадағы үкіметтің хабарлауынша, Израильдің Рафах босқындар лагеріне жасаған соққысынан кемінде 45 адам қаза тауып, 200 адам жараланған.