Жаңалықтар

Энергетика министрі метанол шығаруға қатысты жобаны неліктен кешіктіріліп жатқанын түсіндірді

Сәтқалиев метанол жобасы неге кешігіп жатқанын түсіндірді / Коллаж kursiv.media (Асқар Ахметуллин), бильд-редактор: Артур Алескеров

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Жайық мұнай» компаниясының «Метанол» өндіру жобасын кешіктіру туралы Бас прокуратура шағымына жауап берді.

Сәтқалиевтің айтуынша, басты себеп қызметкерлердің жүктемесі көп болып, комиссияның уақытылы құрылмауында болуы мүмкін. Алайда бұл әрекеттердің жобаның уақытылы іске асуына еш әсері болмайтынын айтты.

«Мәселеге қатысты шешім шығару үшін комиссия құрылуы керек. Энергетика министрлігі дәл осы комиссияны құру бағыты бойынша жұмыстарды мойнына алған. Комиссияның құрылуы жобаның іске асуына әсер еткен жоқ. Қызметкерлердің жүктемесі көп болғандықтан, жобаның кешігіп жатқанын мойындаймыз»,– деді министр. 

Бұған қоса, Сәтқалиев жобаны іске асыру үшін бірнеше қосымша мәселені шешу керектігін айтты.

«Жайық Мұнай» компаниясы 120 мың тонна метанол өндіруі туралы мәселеге келсек, бірнеше мәселені шешу қажеттілігі бар. Бірінші кезекте, жобаны дайындау, қаржыландыру үшін кепілдікке қою базасы болуы керек. Оларды «Өнеркәсіпті қолдау қоры» мен Қазақстан даму банкі іске асырады», – деді Сәтқалиев. 

Ол министрліктің жобаны толық қолдап отырғанын және жобаның іске асуына еш кедергі келтірмейтінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Бас прокуратурасы Энергетика министрлігін «отандық инвестордың Метанол өндіру жобасын негізсіз созып отыр» деп айыптаған. 

2022 жылы Қазақстандық Zhaik Petroleum Метанол өндіру бойынша жобасын іске асыруды қолға алғаны белгілі болған.