Жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы саяси мектебінің бұрынғы басшысы Кселл директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

Фото sports.kz сайтынан

«Kcell» АҚ тәуелсіз директорлар кеңесінің құрамынан Пиетари Кивикконың шығарылғанын хабарлады. Оның орнына Әсет Қуандықұлы Әбдуалиев сайланды. Қоғамның директорлар кеңесі акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында осындай шешім қабылданды.

Әбдуалиев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алған.

АҚШ-тың Winthrop University университетінде оқыды. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті, «Болашақ» стипендиясының әкімшісі болды. Бұрынғы «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің директоры қызметін атқарды. Президент әкімшілігінде қызмет етті.

Kcell ұялы байланыс операторы 2023 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады. Былтыр компанияның таза табысы 18,5 пайызға төмендеген.