Ұлттық банк: Қазақстандағы дебеттік карточкалардың үлесі – 80,9%

Жарияланды (жаңартылды )
"Мир" төлем жүйесімен
Елдегі банктердің айналымында 75,8 миллион карточка /Фото: kursiv.media архивінен

1 сәуірдегі жағдай бойынша елдегі банктердің айналымында 75,8 миллион карточка бар. Ұлттық банк статистикасына сәйкес Қазақстанда дебеттік карточкалардың үлесі 80,9%-ға жетті. Несие карточкаларының көрсеткіші – 16,2%. Ал кредиттік лимиті бар дебеттік және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесі 2,9% болды.

Наурыз айында қазақстандық эмитенттер төлем карточкалары бойынша 13,8 трлн теңгеге транзакция (987,0  млн бірлік) жасады.

2023 жылдың 1 сәуіріндегі кезеңмен салыстырғанда, қолма-қол жасалмайтын транзакция саны 7,8%-ға (966,5 млн) өсіп,  оның көлемі (8,3%) 11,8 трлн теңгеге жетті.

Төлем карточкалары арқылы тұтынушылар 2,0 трлн теңге қолма-қол ақша алған. 2023 жылдан бергі кезеңмен салыстырғанда ақша шешу операциясының саны 1,9%-ға артты.

Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі үлесі интернет/мобильді банкинг (барлық операция санының 79,8%-ы) пен POS-терминалдар (20,1%) арқылы жүргізілді. 

Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған. Осы бағыттағы операциялардың 98,4%-ын құрайды.

2023 жылы маркетплейстерді ескергендегі бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электронды коммерция үлесі 12,7%, ақшалай 2 439,8 млрд теңгені құрады.

Ұлттық статистика бюросы тауарлар мен көрсетілген қызметтер ақысын төлеу тәсілдерінің ең қолайлысы дебеттік карта немесе электрондық банк аударымы (32,1%), қолма-қол төлеу (24,1%), интернет арқылы несие картасымен төлеу (22,2%), онлайн төлем жасау (13,5%) деп есептейді.

Ұлттық банк ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 21,3%-ға, 32,5 трлн теңгеге дейін ұлғайғанын хабарлады.  Шетел валютасымен несие алғандарға берілген несие көлемі 23,5%-ға өсті. 

Сондай-ақ оқыңыз