Сеул мен Лондонда Samsung акциясы арзандады, оған ереуіл туралы мәлімдеме әсер етті

Жарияланды

Сеулдегі Samsung жұмысшылар кәсіподағы мүшелерінің акциясы / Фото: Reuters / Kim Soo-heol

Samsung Electronics-тің ірі жұмысшылар кәсіподағы бірінші рет ереуілге шығатыны туралы жариялады, осыдан кейін Сеул мен Лондондағы саудада компанияның құнды қағаздарының бағасы түсті. Қызметкерлер жалақысын көтеруді талап етуде. Жыл басынан бері осы мәселе жайлы басшылықпен келіссөз жүргізіліп келеді, бірақ әлі нәтиже шыққан жоқ. Қызметкерлердің бір күн жұмысқа шықпауы Samsung бизнесіне қатты әсер ете қоймас, бірақ кәсіподақ келесі ереуілге дайындалып жатыр.

Толығырақ

Оңтүстік Кореядағы сауда қорытындысы бойынша Samsung Electronics акциясының құны 3,1%-ға – 75,2 мың вонға (55 долларға) дейін төмендеді. Лондондағы биржада Samsung қолхаттарының бағасы дәл сол сәтте 3,8%-ға – 1372 долларға дейін құлады.

Samsung-тың Кореядағы бағасы 2024 жылдың басымен салыстырғанда қазір 4,4%-ға төмен болып тұр. Сонымен бірге, сәуір айында қағаздардың бағасы үш жылды қоса есептегенде жоғары шекке дейін көтерілген болатын. Бірақ одан бері акциялар құны 10%-дан аса арзандады.

Алғашқы, бірақ бәлкім соңғысы емес

Samsung Electronics қызметкерлерінің ең ірі кәсіподағы, The National Samsung Electronics Union ереуілге шығу туралы шешімін 29 мамыр күні, сәрсенбіде жария етті — бұл олардың тарихында бірінші рет болып тұр деп хабарлады Bloomberg. Кәсіподақ құрамында, шамамен, 28 мың адам бар — бұл компаниядағы жұмысшылар санының бестен бір бөлігінен асады деп атап өтті Reuters.

Кәсіподақ қызметкерлер бір күн, яғни жұма күні 7 маусымда жұмысқа шықпайтынын айтып доқ көрсетті деп хабарлайды Reuters. Ереуілге нақты қанша адам қатысатынын кәсіподақ ашып айтпады, бірақ егер басшылық келісімге келуге тырыспаса, келесі ереуілді деп жоспарлап қойғанын жеткізді. Bloomberg бірінші ереуіл 31 мамыр, жұма күні болатынын жазды. Бұл – бейсенбідегі мерекеден кейінгі күн: соның арқасында ереуілге қатысушылардың демалыс күндері ұзаққа созылады. Ал 7 маусымда кәсіподақ мүшелерінің «кейбіреуі» жұмысқа шықпауды жоспарлап отыр дейді агенттік.

Кәсіподақ пен Samsung басшылығы 2024 жылдың басынан бері еңбекақыны көтеру жөнінде келісімге келуге тырысып жатыр, бірақ әзірге бұдан еш нәтиже шыққан жоқ. Қызметкерлер еңбекқыны «1-2%-ға» көтеруге келіспей отыр, олар еңбектің ақысы «атқарылған жұмыс көлеміне сай әділ» төленгенін қалайды деп хабарлайды Bloomberg. Ал Samsung болса келіссөз жүргізуге барынша бейіл екенін және «келісімге келу үшін шынымен күш салып жатқанын» мәлімдеді.

Әзірге ереуілдің өндіріске қалай әсер ететіні белгісіз. Қызметкерлердің жұмысқа шықпауы чип пен басқа да электрониканы құрастыруға айтарлықтай әсер етпейді, өйткені бұл операциялардың көбі автоматтандырылған және жұмыс күші жетіп артылады деді кәсіподақ.

Компанияның күрмеулі мәселелері

Bloomberg-тің жазуынша, жұмысшылардың ереуілі негізгі чип секторында Samsung-тың кенжелеп қалған тұсына тап келді. Жергілікті бәсекелес SK Hynix жасанды интеллект түрінде қызмет көрсетуге пайдаланылатын жад чиптерін жасау саласында көшбасшылықты тартып алды.   

Кәсіподақ мүшелерінің саны 2020 жылдан бастап күрт өсті, оған компанияның жұмысшы бірлестіктеріне қарсы күресті тоқтатуға уәде бергені түрткі болды деді Reuters. Samsung-тың бәсекеде артта қала бастауы әрі компания басшысы Ли Джэ Ённің заң жүзінде қудалауға ұшырауы жұмысшыларға кері әсер еткен, ол кәсіподақ мүшелерінің көбейгенінен байқалады дейді агенттік кейбір аты белгісіз сарапшыларға сілтеме жасап.

Акция туралы

Samsung тап болған қиындықтарға қарамастан, сарапшылар оның акциясын сатып алуға кеңес береді: ол 31 Buy рейтингіне және бес Overweight-ке («нарықтан жоғары»), оған қарсы тек бес Hold (ұстау ұсынысы) рейтингіне ие екенін FactSet көрсетіп тұр.

Сондай-ақ оқыңыз