Алматыда терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматы ұсталды

Жарияланды

2024 жылғы 28 мамырда ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған», – делінген хабарламада. 

Қазір Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстаған. Тергеу әрекеттері барысында тұрғылықты жері бойынша діни әдебиет тәркіленген.

Сондай-ақ оқыңыз