Ауылдағы медициналық мекемелерді жаңғыртуға үкімет резервінен 40 млрд теңге бөлінеді

Жарияланды

Ауылдарда медициналық мекемелерді салу және жаңғыртуға Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

«ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында арнайы қаулыға қол қойған.

«Жобалар жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) әзірлігіне қарай өңірлердің әкімдіктерінен берілген өтінімдер еске отырылып қаржыландырылды. Осыған байланысты Үкімет резервінен 39 млрд 987 млн теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар», – делінген хабарламада.

Атап айтқанда бөлінген қаражаттың бір бөлігі:

  • Арқалық өңірлік ауруханасы перзентханасының ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға;
  • Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының екі блогын күрделі жөндеуге;
  • Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас ғимаратын күрделі жөндеуге;
  • Балқаш қаласының Орталық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға;
  • Балқаш қаласының Көпсалалы ауруханасының ангиографиялық ота жасайтын бас корпусына қосымша ғимарат салуға және ангиографиялық қондырғыны орналастыруға;
  • Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қосымша блокты жапсарлас сала отырып, күрделі жөндеуге және сол жерде 30 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына аударылатын болады.


Ауылдық жерлердегі медициналық мекемелерді жаңғырту мәселесі бұғңан дейінде Үкімет отырысында талқыға салынған. Онда Медициналық ұйымдарды жабдықтау кезінде отандық өндірушілерді тартуға басымдық берілген еді.

Нақтырақ айтқанда, сол кезде Үкімет басшысы медициналық ұйымдарды жиһаздармен және құрылыс материалдарымен жабдықтау кезінде отандық өндірушілерді белсенді түрде тарту қажет деп айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз