Алтын өндіруші ірі компания 2023 жылдың І тоқсаны үшін 5,5 млрд теңге дивиденд төлемек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Алтыналмас
«Алтыналмас» 5,5 млрд теңге дивиденд төлейді. Фото: shutterstock.com

«АлтынАлмас» компаниясы 2023 жылдың І тоқсаны үшін 5,5 млрд теңге дивиденд төлемек. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған ақпанатында жазылған.

Акционерлерге дивиденд 7 маусымнан бастап төленеді. 1 жай акцияға 505,53 теңге дивиденд қарастырылған.

«Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Алтыналмас» АҚ (Алматы) 2024 жылдың 07 маусымынан бастап 2023 жылдың бірінші тоқсанында өзінің жай акциялары бойынша жалпы сомасы 5 476 574 831,49 теңгеге дивидендтер төленетіні туралы хабарлады», – делінген ақпаратта.

«Алтыналмастың» 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайдасы 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе – 76,16 млрд теңгеден 26,7 млрд теңгеге дейін азайған.

«Алтыналмас» холдингі қазақстандық алтын өндірушілердің алғашқы үштігіне кіреді. Компания акционерлері: GOUDEN RESERVES B. V. (жай акциялардың 60%), Владимир Жұманбаев (20%), Дияр Қанашев (10,5%) және Игорь Ветиул (6,5%). «Алтыналмас» Доре құймаларындағы алтынды өндіреді, одан әрі өңдеу үшін Астанадағы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытына жіберіледі. Тазартылған алтынды Қазақстан Ұлттық Банкі сатып алады.

Топтың активтері Жамбыл, Қарағанды, Абай және Ақмола облыстарында орналасқан. Пайдалы қазбалар «Ақбақай», «Долинное», «Ақсу» алтын өндіру зауыттарында, «Пустинное» байыту фабрикасында және «Алтыналмас Technology»бағалы металл өндіру зауытында өңделеді.

Сондай-ақ оқыңыз