Мәдени кодты жаңарту: Қазақтілді аудитория ақпаратты қайдан алады?
Alvin Market зерттеу компаниялары тобының директоры, «Қазақстандық қоғамдық пікір және нарықты кәсіби зерттеушілер қауымдастығының» президенті Наталья Оспанова Алматыда өткен PR-форумда «Мәдени кодты жаңарту: Медиа арқылы жас ұрпақпен байланысу» атты зерттеуін ұсынды.
Зерттеуге сәйкес, қазақтілді аудитория өзінің басты қасиеттері қонақжайлылық (58%), жомарттық (38%), еңбекқорлық (36%), діндарлық (28%), тәуелсіздік (28%), төзімділік (28%) деп есептейді екен.
Ал Қазақстан дегенде ойға келетін сөздердің қатарында қонақжайлылық (17%), тәуелсіздік (13%), жемқорлық (11%), кең дала (9%), бесбармақ (9%) бар.
Қазақтілді аудитория үшін ата-бабамен байланыс өте маңызды. Мәселен, қазақстандықтардың 70%-ы жеті атасын білсе, 99%-ы өзінің қай жүзден екенін біледі.
Аудиторияның 76%-ы әлеуметтік желіні байланысу үшін, 64% мәтін контентті оқуға, 50% бейне жазба көруге, 34%-ы контент жасау, 25% аудио тыңдау , 13% білім алу, 7%-ы ойын ойнау үшін қолданады.
2024 жылы 23-24 мамырда Алматыда халықаралық мерейтойлық PR-форум өтті. 20 жыл бойы іс-шара қазақстандық PR-кәсіпқойлар, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерден келген мамандар коммуникация саласындағы мәселелерді талқылау алаңына келуде. Форумды әдеттегідей, PR-клуб пен PG Communications агенттігі ұйымдастырды.
Форумда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан медиа-нарықтарының негізгі үрдістерімен таныстырылып, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас мүмкіндіктерін талқыланды. Шарада спикерлер digital-коммуникациялар үлесінің өскенін, БАҚ-те ақылы жарияланымдардың артып, бірнеше тілде – қазақ, орыс және кейде ағылшын тілдерінде параллельді коммуникациялар сақталуын, сонымен қатар, қазақ тілінде сапалы контент жасау проблемаларын атап өтті.